Жалғасы... Феминизм (2)
Батыстың киноларында жұмыс істеп сыртта жүретін әйелдер дәріптеліп, бала қарап үйде отыратын әйелдер төмендетіліп көрсетіледі. Үйленуді масқарадай, қауіпті тірліктей етіп көрсетеді. Әр кинода кем дегенде бір рет бір жыныстылардың жұбы дәріптеледі. Батыста феминизмді қолдау заманауи адамның өлшемі секілді бояу алды. Тіпті мемлекеттік деңгейде заманауи көріну үшін феминизмді қолдау модаға айналуда.
Феминизм батыста философиялық әрекет ретінде бой көтеріп жатқанда Ислам әлемінде әйелдер ғасырлар бойы бақ-берекелі өмір сүрді. Дінсіздікті, арсыздықты дәріптейтін феминизм ағымының біздің қоғамға берер ізгілігі жоқ. Дінімізде әйелдер онсыз да жоғары қадірленген. Пайғамбарымыз: «Мұсылмандардың ең жақсысы, ең пайдалысы – әйеліне ең жақсы, ең пайдалы болған адам», «Жаннат аналардың аяғының астында» деген. Соңғы қоштасу хұтбасында пайғамбарымыз әйелдердің ақыларына мән берілуін, бұл тұрғыда Аллаһтан қорқу керектігін, әйелдің ақылары, еркектің ақылары бар екендігін айтқан. Еуропалықтар әйел ақысын енді ғана ойластыра бастаса, мұсылмандықта 14 ғасыр бұрын белгілеп, қадірлеген. Әйтсе де соңғы кездері заманауи көрінгісі келетін, батыстың модасын іліп әкетуге даяр тұратын мұсылмандар арасында да бұл індет тарап жатқандығы жасырын емес.
Қорыта келгенде феминизмнің әйелге бақыт әкелмейтіндігі батыстың тәжірибесінен мәлім. Тәжірибеден өтіп, сәтсіз шыққан әртүрлі “изм”-дердің соңынан еру ақылды адамның ісі емес. Сондықтан отбасылық өмірдің, қоғамның тыныштығы үшін дәстүрлі отбасылық құндылықтарымызға бекем болуымыз қажет.