Untitled Document

Мақала... Феминизм (1)

Феминизм – әйелдің қадірленбеуі, адам орнына қойылмауы салдарында ХVІІІ ғасырда Еуропада туындаған қозғалыс. Француз төңкерісінің әсерінен феминистік пікірлер Англияға да өтіп, одан кейін АҚШ пен бүкіл Еуропаға тарады. Бастапқыда Еуропадағы жағдай үшін орынды себептермен құрылғанымен кейіннен асыра сілтеушілік көбейді. Қазіргі таңда бұл ағым шектен шыққандығы соншалық дінсіздікті, арсыздықты дәріптеу, еркекке дұшпандық, еркекті төмендету, үй ханымы болудан жиіркену, ана болудан безу, некелесуді қаламау секілді қылықтарымен адам табиғатына толықтай қайшы пікірлерді дәріптеуде. Феминизм арқылы әйелдерге шартсыз, немқұрайлы еркіндік түсінігі енгізілді, өміріңді қалағаныңша түрлендір деген ой салынды. Бұл алдамшы пікір қоғамның негізі болып табылатын отбасы құрылымының жойылуына себеп болды. Отбасылық жауапкершілік адам көтере алмайтындай ауыр жүк, ал отбасылық өмірге қадам басу қапасқа кірген тұтқындай көрсетілді. Ал бұның салдары некесіз қарым-қатынастарға алып келді. Осылайша «әйел теңдігі» деген ұранға жасырынған феминизм қозғалысы арқылы «отбасы құрылымы» бұзылды. Батыста қазір отбасы ұғымы мейлінше әлсіреді, бала туылуы азайды. Еркіндік деген ұранмен әртүрлі арсыздықтар, қызтеке ерлер, еркекшора қыздар, біржыныстылар жұбы секілді азғындықтар қалыптыдай жарнамаланып келеді. «Теңдік сұраймыз» деп мешітте еркектермен араласып отыруға, имам болуға таласып жүрген әйелдердің мақсаты дінді бұзу, дінді іштен құлату болмаса, теңдікпен ешқандай қатысы жоқ.  (жалғасы ертең...)