Бала тәрбиесі... Шектен тыс қорғаштау
Балалардың қателік жасауларына рұқсат ету керек. Өйткені қателескен сайын тәжірибелері артады. Тәжірибе адамды жетістікке жетелейтін жол. Бала бір нәрселер істеген сайын өзінің қолынан келетін нәрселерін табады. Ал егер ата-анасы: “Байқа ұлым, сен бұны істей алмайсың! өзім істеймін”, “Байқа қызым, сен бұны істей алмайсың!” деп өмірде үйренуіне мүмкіндік бермесе, мұндай балалар өмірлерінің кейінгі кезеңдерінде де басқаларға мұқтаж болуға бейімделе бастайды. Тым артық қорғаштап қараған отбасыда өскен бала өзін және өзінің қабілетін біле алмайды, өзіне сенімін жоғалтады, ешнәрсеге батылы жетпейді, қате жіберіп алам деген уайым қашанда оны мазалайды. Әр қадамында қобалжып, өз басымен шешім қабылдай алмайтын болады. Мұндай жағдайда өскен бала, әсіресе ұл бала өмір бойы мұның залалдарын тартуға мәжбүр болады.
Балаларын шектен тыс қорғаштай беретін ата-аналарды күтіп тұрған қауіп:
* Балаларының істеуі керек болған нәрселерді өздері жасағандықтан, бала өмірге жеткілікті мөлшерде дайындала алмайды. Нәтижеде өмір бақи ата-анасына жүк болады.
* Бала тым артық әлпештеулерін тек өз пайдасына пайдалануға әдеттеніп алады-да ешкімнен жылы сөз естімейтін орталарда депрессияға түсуі мүмкін.
* Баланың қалауын, қабілетін есепке алмай, оларға өздері ұнатқан мамандықты таңдатқызады. Нәтижеде бала ешбір салада маман бола алмайды.
* Балаларының өмірлеріне, құратын отбасына да шектен тыс араласа бергендіктен, балалары бақытты бола алмайды.
* Балалар ер жетсе де, бір нәрсені бүлдіріп қояды-ау деген уайымнан құтыла алмайды.
* Өлім сияқты өмір шындықтарына дайын болмайды. Мұндай адамдар бір сәтте ауыр психологиялық зақым алуы мүмкін.
* Көп қорғаушыл отбасылар тыныштық пен бақыттылықты балаларына арнағаны үшін оның негізгі себептерін байқамай өткізіп алады.
* Мұндай ата-аналарды күтіп тұрған ең үлкен қауіп “рухани жалғыздыққа түсу” қатері.