Жалғасы... Халал және харам табыс (2)
«Сатамын бірақ 30 000 алтыннан төмен болмайды» дедім. Біраз саудаласып болмаған соң амалсыз қабыл етті. Алтындарды беріп жас жігітті алып кетті.
Мен бұл алтындармен дүкендер ашып сауда-cаттықпен айналысып одан да байып кеттім. Бір күні туыстарым «Өте бай бір отбасының жақсы бір қызы бар. Әкесі жақында қайтыс болды. Онымен сені үйлендірейік» деді. Мен разы болдым.
Неке қиылды. Түйеге артылып қыздың жасауын алып келді. Жасауының арасынан бір қалташық менің назарымды тартты. Жұбайымнан «бұл не?» деп сұрадым. «Ішінде 970 алтын бар, әкем бір кездері Қағбада жоғалтқан екен. Тапқан адамға 30 алтынын беріпті. Қалғанын маған сыйлады, жасауыңа қосарсың деді.» деп жауап берді.
Демек бұл алтындар менің ризығым екен. Қайтарып бермегенімде харам жолдан келер еді. Қазір болса халал жолдан қайта өзіме келді. Маған көмектесіп харамдардан қорғаған, көптеген ниғметтер сыйлаған Раббыма шүкір етемін... Ащы да болса шындықты айтыңдар. Бәрібір тағдырға жазғанын көресің... Несібеңнен артығын көрмейсің...
Зеректік жұмбағы...
Қандай сан?
Төмендегі сұрақ белгінің орнына қандай сан келуі керек?
Али 21
Ғани 22
Мақсат 24
Саламат ? (Жауабы ертең...)