Untitled Document

Ғибрат... Халал және харам табыс (1)

Бір жас жігіт Қағбада «Ей, жақсылардың көмекшісі болған Аллаһым! Ей харамдардан сақтанғандардың көмекшісі болған Аллаһым, саған шүкір етемін!» деп қайталай береді. Біреу келіп «неге қайта-қайта бір дұғаны қайталай бересің одан басқа ешнәрсе білмеймісің?» деп сұрайды. Оған былай деп түсіндіреді:

“Осыдан 7-8 жыл бұрын Қағбада жүргенде ішінде мың алтыны бар қалташық тауып алдым. Ішімнен бір дауыс «бұл алтындармен мына мына нәрселерді жасайсың!» деп құтыртып жатқан еді. Өз-өзіме «жоқ, бұл менікі емес, біреудің затын қолдануым харам болады” дедім. Осы кезде біреу «Мынадай қалташық тауып алған адам бар ма?» деп айғайлап жүр еді. Оны шақырдым. Қалташықтың қандай екенін суреттеді және ішінде 1000 алтын бар» деп айтты. Қалташығын бердім. Ол маған қалташықтан 30 алтын алып берді.

Базарға бардым. Таза реңді бір жас тұтқын баланы мақтап сатып жатқан еді. Ол жас баланың тазалығы менің назарымды тартты. «Бұл тұтқын үшін қанша сұрайсың?» дедім. 30 алтын деп жауап берді. Алтындарды беріп ол жас баланы сатып алдым. Арадан бір-екі жыл өтті. Жас бала өте еңбекқор және әдепті еді.

Бір күні онымен кетіп бара жатқанда алдымыздан үш кісі келе жатқанын көрдік. Жас жігіт маған «Мырзам, мен Фас әміршісінің баласымын. Мына келе жатқандар әкемнің адамдары. Мені іздеп жүргендер. Сенен мені сатуыңды сұрайды. Сен жақсы адамсың, 30 000 мың алтыннан төмен сатпа!» деді. Үш кісі қасымызға келіп «бұл тұтқынды бізге сатасың ба?» деді. (Жалғасы ертең...)