Untitled Document

Отбасы... Дінімізде – Жанұя (1)

Ислам діні қоғамның бақыты және адам ұрпағының дені сау, салауатты жалғасуы үшін жанұяның қажет екендігін білдірген. Осы себепті некені халал қылып, зинаны және зинаға жол ашатын еркін қатынастарға тиым салған. Әйелдерге ешбір діннің, ешбір жүйенің бере алмаған қадірін, мәртебесін берген. Расулуллаһ: «Әйелдеріңді жәбірлемеңдер. Олар Аллаһу тааланың сендерге берген аманаты. Олармен жұмсақ, жылы мәміледе болыңдар, оларға жақсылық жасаңдар» деп бұйырған. Еркектер ислам бойынша жанұяның басшысы деп саналады және әйелдерге қарағанда жоғары дәрежеге ие. Хақ та’ала әйелді еркектің қамқорлығына берген. Құран кәрімде: «Еркектер әйелдердің басшысы және қорғаушысы» (Ниса 34) делінген. Сонымен қатар еркектердің әйелдерге қатысты шариғи ақылары болғаны секілді, әйелдердің де оларға қатысты ақылары бар. Жанұяның бақыты және әлеуметтік өмірдің тыныштығы, жанұяны құрайтын әйелмен еркектің өз міндеттері мен жауапкершіліктерін біліп, орындауларына байланысты.

Жанұя ішінде әйелмен еркектің бір-бірлерін түсініп, сабырлы, кешірімді болулары жанұя бақыты үшін шарт болып табылады. Ерлі-зайыптылардың бір-біріне құрметпен қарауы және міндеттерін білуі ұяның бақытына апаратын маңызды жайттардың бірі. Ақылды әйелмен еркек бір-бірлерін ренжітпейді. Өмірлік жарын ренжіту жанұя бақытының бұзылуына себеп болады.

Жанұядан мақсат ұрпақты жалғастыратын балалар. Адамның өлгеннен кейін жақсылықпен еске алынуы үшін қоғамға пайдалы туынды немесе пайдалы бір ілім немесе қайырлы бала-шаға қалдыруы керек. Барлық нәрсе ұмытылған күнде де бұлар ұмытылмайды және өлген адамның қайырлы істерінің жалғасуын қамтамасыз етеді. (Жалғасы ертең...)