Денсаулық... Аллергия
Аллергияға шалдыққандардың мән беруі керек болған кейбір жәйттар:
¨ Үйдегі шаң кенелері (клещ) ылғалды жерде тез өсіп, көбейетіндіктен, үй ішіне күн түсуі керек, үй іші құрғақ және жарық болу керек.
¨ Шаңның жиналуына себеп болатын артық заттарды үйде сақтамау керек.
¨ Құс құырсынымен толтырылған жастық, көрпе және төсек орныдарын мүлдем қолданбау керек.
¨ Тазалық жұмыстары жасалып жатқанда, аллергиясы бар адам бөлмеде болмауы керек.
¨ Үйде темекі шегілмеуі тиіс.
¨ Жататын бөлмеде сән өсімдіктерінің болмағаны дұрыс.
¨ Ағартқыштар, майлы бояулар, иіссу, парфюм иісі болған жерлерден ұзақ болу керек.
¨ Грипп, тұмау сияқты аурулар аллергияны қоздыратындықтан, аурудың алдын алу керек.
¨ Аспирин және апранакс сияқты дәрілерді қолданбау керек.
¨ Желдеткіш құралдарын және бу машиналарын қолданбау керек.
Зеректік жұмбағы... Құстар мен балық
Өзеннің бір жағасында биіктігі 10 метрлік ағаш, ал арғы жағасында биіктігі 15 метрлік екі ағаш тұр. Екі ағаштың төбесінде бір-бір құстан қонып тұр. Өзеннің ені 25 метр. Екі құс бір уақытта өзенде жүзіп жүрген бір балықты көріп, тез ұшып балыққа бірдей уақытта жетіп барады. Құстардың жылдамдығы тең болуына қарағанда, балық ұзын ағаштың түбінен қанша метр қашықтықта жүзіп жүр? (Жауабы ертең...)