Untitled Document

Жалғасы... Қожанасыр (2)

2-ші күні тағы келіп:

- Менің не айтайын деп тұрғанымды білесіңдер ме? – депті. «Кеше “білмейміз” дегенде ренжіп шығып кетті ғой, бүгін білеміз деп айтайық»,- деп өзара келіседі де:

- Иә, білеміз, білеміз,- деп жауап береді. Қожекең:

- Білсеңдер, айтпаймын! – деп тағы шығып кетіпті.

3-ші күні бəрі ақылдасып: «Мына Қожекең бізді ақымақ қылып жүр. Бүгін келсе жартымыз білеміз, жартымыз білмейміз, - деп айтайық»,- депті. Қожанасыр келіп:

- Менің не айтайын деп тұрғанымды білесіңдер ме? – дейді. Сонда жартысы:

- Білеміз,- десе, жартысы: - Білмейміз,- деп жауап береді.

- Онда білмейтіндерің білетіндеріңнен сұрап алыңдар, - деп шығып кетіпті.

Ғалымдар бұл әңгіменің астарын былайша түсіндіреді: Дінімізде кейбір мәселелер айтылғанда оны түсіну үшін бастапқы діни білім болу керек. Адам өзіне қажетті білімдерді үйренбесе қалай ілгерілемек? Күнімізде мұсылманмын жеп жүргендердің ішінде дәрет не екенін, қалай алынатынын білмейтіндер баршылық. Екінші күні болса, “білемін” деп менмендікке, тәкаппарлыққа салынушы болма, үйренген нәрселерің сені қарапайым болуға жетелесін дегені еді. Үшінші күні болса, білетіндер білмейтіндердің жауапкершілігін жүктенуі қажет екенін айтпақшы еді. Әр мұсылман әмри маруф жасауға, яғни діни мәселелерді басқаға үйретуге тырысуы керек. Үйрететіндей білімі жетік болмаса ең болмағанда діни кітап сыйға беріп дінін үйренуіне себепкер болуға тырысу керек. Мен үйрендім болды деу жарамайды.