Untitled Document

Күннің тарихы ... Қожанасыр (1)

22 маусым 1284 жылы қайтыс болған Насриддин Қожаның кесенесі Ақшехирде. Қабірі әлі күнге дейін мұсылмандардың зиярат орындарынан болып есептеледі. Елімізде Қожанасыр деген атпен танымал болған бұл кісі жай ғана ойдан шығарылған кейіпкер емес. Насриддин Қожа - адамдарға тура жолды көрсетумен өмірін өткізген, нақыл мен даналыққа толы насихаттар жүргізген адам. Өзі әулие, ғалым адам болған. Оның сөздері ауыздан-ауызға өтіп, қазірге дейін сақталған. Оған тағылған дінге, адамгершілікке және этикаға жат әзіл әңгімелер оның сөздері емес.  Насриддин Оның хикаялары және қызықты әңгімелерінің таралғаны соншалық, шығыс Түркістаннан Балкандарға дейінгі халықтардың ауыз әдебиетінен орын алған. Қожа түркиядағы Сиврихисардың Хорту ауылында туылып, 1284 жылы 22 маусымда Ақшехирде қайтыс болған. (Бір аңызда Бұхарада туылғаны туралы да айтылған.)  

Қожанасыр іс-әрекетімен, сөздерімен халықты жақсылыққа, білімге үгіттеген. Көп әңгімелері күлкілі болғанымен астарын түсінген адамға тәрбиелік мәні жетерлік. Сондай әзіл әңгімелердің біріне тоқталайық.

Қожанасыр бір күні бір жиынға кіріп кетіп:

- Менің не айтайын деп тұрғанымды білесіңдер ме? – депті. Бәрі:

- Жоқ, білмейміз,- десе,

- Білмесеңдер айтпаймын! – деп ренжіп шығып кетіпті. (Жалғасы ертең...)