Untitled Document

Дұғалар... Жолға шығарда оқылатын дұғалар

Сапарға шығатын адам екі рәкат намаз оқуы керек және садақа беруі керек. Қаза намазы бар болса қазасын оқуы керек. Хазреті Заһид Әбул Хасан Ғазуи «Сапарға шығарда “Қурайш сүресін оқыған адам бүкіл жамандықтардан амандықта болады» деген. (Шира) 

Хадис шәрифтерде былай делінеді:

«Үйінен шығарда екі рәкат намаз оқыған адам сырттан келетін әр түрлі бәлелерден қорғанады. Үйіне келгенде екі рәкат намаз оқыған адам іштегі жамандықтардан қорғанған болады». (Бәйһақи)

«Үйінен шығарда Аятүл күрси оқыған адамға жетпіс періште, ол адам үйіне қайтқанға дейін дұға және истиғфар айтады». (Әййуһәл уәләд илмихалы)

«Кімде кім сапарға шығарда 11 рет Ихлас сүресін оқыса, Аллаһу таала сапардан қайтқанға дейін оның үйін қорғайды». (И. Нәжжар)

«Үйден шығардаБисмилләһи, тәуәккәлту аләллаһ, Лә хаулә уә ла қуата илла биллаһдеген адам қауіптерден қорғанады, шайтан одан алыстайды». (Тирмизи) 

«Кемеге мінгенде Бисмилләһпен Хұд сүресінің қырық бірінші аятын оқыған адам, суға батудан амандықта болады». (Табарани)

Хұд сүресінің қырық бірінші аяты Құран кәрімде 225-ші беттің ортасында «Бисмилләһи мәжраһа...» деп басталатын аяти кәрима.

Бұл аятты (автобус, пойыз, ұшақ секілді) барлық көлік түріне мінгенде оқыған адам апаттан, бәледен қорғалады. Тағы бір хадис шәрифте кемеге мінгенде Зүмәр сүресінің алпыс жетінші аятын оқыған адамның суға батудан қорғалатыны білдірілген. (Қуртуби)