Untitled Document

Сұхбат... Жақсылық жасасаң жақсылық көресің!

Адамдарға жасалған жақсылықтар ахирет азаптарынан құтылуға және жәннат ниғметтерінің артуына себеп болады. Сүйікті пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) айтқан: «Аллаһу та'ала құлдарының қажеттіліктерін жаратып жібереді. Аллаһу та'аланың ең сүйікті құлыОның ниғметтерін құлдарына жетуіне себепші болған адам».

Жақсы мұсылман жақсылық жасамақшы немесе садақа бермекші болса, мұны жасырын түрде істейді. Жақсылық жасаған немесе садақа берген адамын ренжітпейді. Көңілін қалдырмай, жақсылығын міндетсінбей жасайды. Аллаһу та'ала осылай жасау керектігін Құран кәрімде көптеген жерлерде әмір етуде.

Қияметте азаптардан құтылудың екі үлкен негізі, яғни екі жолы бар: Біріншісі, Аллаһу та'аланың әмірлерін маңызды санау, құрмет көрсету. Екіншісі, Аллаһу та'аланың құлдарына, жаратқандарына қамқорлық, жақсылық жасау.

Хадис шәрифте былай делінеді:

«Мұсылманмұсылманның бауыры. Олар бір-бірін ренжітпейді. Кімде-кім дін бауырының бір жұмысына көмектессе, Аллаһу та'ала да оның жұмысын жеңілдетеді. Кімде-кім бір мұсылманның басына түскен қиыншылығын шешіп беріп, оны қуантса, қиямет күнінің ең қиын кездерінде Аллаһу та'ала оны қиыншылықтан құтқарады. Кімде-кім бір мұсылманның кемшілігін, мінін жасырса, Аллаһу та'ала қиямет күні оның кемшіліктерін, қателіктерін жабады».

Мына үш күндік дүние өмірінде Аллаһу та'аланың разы болатын амалдарын орындауға тырысу керек. Оның құлдарына сый-сияпат көрсету, жақсылық жасау қажет...