Әдеп-ахлақ... Сөйлеу әдептері
Біреу саған қарап сөйлесе, ол сөзін бітірмей тұрып жауап беруді бастама. Ақылды адам сұрақты мұқият тыңдайды, сұрақ қойылып біткеннен кейін ойланып сосын жауап береді. Хикмет иелерінің «Алдымен ойла кейін сөйле» деген сөздері мәшһүр. Қажеттілік болмай тұрып сөйлемеген жөн. Сөйлегенде күлмеу керек. Жиында біреу сөйлеп жатқанда сөзін бөліп араға кірмеу керек. Біреудің айтып жатқан нәрсесін біліп тұрсаң да білетініңді белгілі етпей ол адамның сөзін бітіруіне мүмкіндік беру керек. Қасыңдағы адамдардың сөздері сені қызықтырмайтын болса немесе ол адамдар сенің араласуыңды қаламайтын болса араласпаған жөн. Сенен жасырын сөйлеп жатқан болса, оларға құлақ түрмеген дұрыс болады. Астарлы мағыналап сөйлемеу керек. Дауысты қатты да емес, ақырын да емес, орта дауыс тонымен сөйлеген дұрыс. Түсінілуі қиын сөздерді мысалдармен түсіндіру керек және пайдасы жоқ жерлерде сөзді созудың керегі жоқ. Қысқа және нұсқа түсіндіру жолын таңдау керек. Көпшілік мағынасын білмейтін және түсінілуі оңай болмаған сөздерді қолданбау керек. Адамилықты кетіретін, адамды төмендететін, дұшпандық тудыратын сөздерден және мінездерден қашу керек. Қалжыңда өте мұқият болу керек. Қалжың тағамдағы тұз секілді. Азы да, көбі де жақсы емес. Әр адаммен ақылына, түсінігіне сай сөйлесу керек. Пайғамбарымыз былай деген: «Біз пайғамбарлар адамдарға түсіне алатындай дәрежеде сөйлеу әмірін алғанбыз». Үнсіз болған адам қашанда пайдасын көреді. Ғалым сөйлеп жатқанда үнсіз отырған адам ілім үйренеді. Надан сөйлегенде үнсіз отырған адам сабыр етуді үйренеді. Сөз өте маңызды. Бір сөзбен адам мұсылман болады. Сөйлегенде боқтау, сөгу секілді әдепке қайшы сөздерден ұзақ болу керек. Мұндай жаман сөз айту ұятсыздық белгісі болып табылады.