Untitled Document

Денсаулық... Күріштің пайдалары

Күріш – дүние жүзінде ең көп тұтынылатын азықтардың бір түрі. “California Rice Commission” деректері бойынша дүние жүзінде 40 000-нан астам түрі бар көрінеді. Жүйелі қоректенудің ажырамас бөлігіне айналған күріш – құрамында зиянды май, холестерин секілді зиянды ештеңе болмауы арқылы денсаулыққа өте пайдалы азық түрі.

Қан қысымы: Құрамында натрий өте әлсін ғана кездесетіндіктен жоғары қан қысымымен байланысты дерті барлар үшін ең жақсы азықтардың бірі. 

Альцгеймер: Алцгеймер дертінің алдын алу мақсатында, мамандар бұл дертке шалдыққандар үшін пайдалы болып табылатын нейромедиатор тұрғысынан қанық келетін күңгірт түсті күрішті тұтынуға кеңес береді.  

Қант диабеті: Аминқышқылдар қатарына жататын лейцин тұрғысынан қанық келетін күріш қандағы шекерді жүйелендіріп, күш береді және жаралардың жазылуына септігін тигізеді.  

Ас қорыту: Ас қорытылмауының алдын алатын күріш іш өтуіне қарсы әсерлі келеді.  

Қатерлі ісік: Күңгірт күріш қатерлі ісіктің алдын алуға ықпал ететін ерітілмейтін талшық тұрғысынан қанық келеді.  

Дәрумендер мен минералдар қоры: Күріш D, B дәрумені, фолий қышқылы, кальций, ферум, магний секілді минералдарды қамтиды. Жасушалардың жаңалануын қамтамасыз етеді.  

Энергия көзі: Күріште көмірсу мөлшері мол болатындықтан денеге күш-қуат беріп, мидың қалыпты жұмыс істеуіне көмекші болады.