Ұлы тұлға... Уәйс Қарани
Қарен Йемен аймағындағы елді мекен. Айналасы шөлейт, орталығында бірен саран құдық, аздаған ағаштар бар. Бұл жердің тұрғындары керуен күтумен өмір сүреді. Малдарын Уәйс есімді бір малшыға бақтырады. Бұл малшы еңбек ақы сұрамайтын, бергенін алатын. Таудың салқын үңгірлерінде ғибадат ететін. Адамдар оны жынды деп ойлайтын. Оның анасы кәрі, көзі көрмейтін әрі қозғала алмайтын. Оны тамақтандырып, үстін тазалап, жуындырып, оған жақсы қарайтын.
Пайғамбарымыздың заманында өмір сүріп, Уәйсәл Қарани деген атпен мәшһур болған осы Уәйс, пайғамбарымызбен жүздесе алмайды, сұхбатына қауыша алмайды. Бірақ мағына әлемінде көп нәрсеге қауышады. Пайғамбарымызбен екеуінің арасында әуестенерлік достық бар еді. Расулуллаһ анда-санда Йемен жаққа қарап: «Йемен жақтан рахмет желдері есіп жатыр... Мейірімділік және жақсылық жасауда Табииндердің ең жақсысы Уәйс Қарани» деп айтады екен.
Арадан жылдар өтеді. Пайғамбарымыз өмірінің соңына қарай қасиетті кафтанын (шапанын) шешіп хазреті Омар мен хазреті Әлиге беріп: «Бұны Уәйс Қараниге беріңдер!» дейді.
Олар Расулуллаһтың қайтыс болуынан кейін жолға шығып, Қарен елін тауып, сол жерге барады. Ол жердің тұрғындары бұл екі құрметті адамның мұндай ескі ауылға келуінің мәнісін түсіне алмайды. Оның үстіне Уәйсті іздеп жүрміз дегенде қатты таң қалады. “Оның есі дұрыс емес. Адамдардан қашады, жылаған нәрсемізге күледі, күлген нәрсемізге жылайды. Көңіл көтеру дегеннің не екенін білмейді. Іздеп жүргендерің бәлкім басқа біреу болар” дейді. Хазреті Омар: «Іздеген адамымыз дәл соның өзі» дейді. Оны шөлде түйе бағып жүрген жерінен тауып, қасиетті шапанды оған тапсырады. Кейін бұл шапан ұрпақтан ұрпаққа өтіп, Османдық Сұлтандарға жетеді. Бұл шапанның атына мешіт салдырады. Қазір бұл шапан Стамбулда «қасиетті шапан» мағынасына келетін «Хырқаи шәриф» мешітінде жыл сайын тек Рамазан айында халықтың зиярат етуі үшін ашылады.