Untitled Document

Рамазан сұхбаты... Дүмшелер оразаны «бұзады» (2)

Төрт мазһабта және бүкіл мүжтәһид имамдардың айтуы бойынша: жараға жағылған май (мазь) ішке сорылып жауфқа, яғни асқазанға дейін баратын болса ораза бұзылады. Шафии мазһабында ми, іш, бауыр, қуық – «жауф» болып саналады. Мысалы: бас сүйегі жарылса, мұндағы жараға жағылатын май миға баратындықтан ораза бұзылады. 

Шафии мазһабында ішке пышақ кірсе, пышақтың ұшы асқазанға, яғни жауфқа кіргендіктен ораза бұзылады. Сау теріден пышақ кіргенде ораза бұзылғаны сияқты, ине (укол) арқылы бұлшық етті немесе тамырды тесіп берілетін дәрі де жауфқа барғанда ораза бұзылады. Қазір медицинада телудің (прививка) қуыққа, миға және дененің барлық ағзасына баратындығы нақты белгілі. Олай болса укол алу төрт мазһабта да оразаны бұзады. Тек қазасын ұстап беру керек болады.

Медицина тамырдан немесе бұлшық еттен берілетін дәрінің миға және қуыққа баратынын айтып тұрғанда «уколмен егілген дәрі ми немесе қуыққа бармайды» деп ешкім айта алмайды. Айтса да ғылыми дәлелсіз, өз ойынан шығарған болады.

(Жоғарыда жазылған Ханафи мазһабына қатысты мәліметтер «Тахтауи», «Мәбсут», «Бәдаи» және сол сияқты кітаптардан алынған. Шафии мазһабына қатысты мәліметтер «Маджму», «Муғнил-мухтадж», «Тухфа», «Әнуар», «Куммәсра», «Баджури», «Шәрхи ибни Баджури» сияқты сенімді кітаптардан алынған.)

Сұхбат... Сәре асы

Сәреге тұрмай ораза ұстау күнә емес. Бірақ сәреге тұру өте сауапты іс.

Хадис шәрифтерде былай делінеді:

«Сәреге тұрыңдар, сәреде береке бар». (Бұхари)

«Сәреде тамақ жеу арқылы ораза тұтуларыңа жәрдемші болыңдар(Бәйһақи)

«Сәреге тұруАллаһтың сендерге жаудырған берекесі, оны жіберіп алмаңдар(Нәсаи)

«Жегендері халал болу шартымен есепке тартылмайтын үш адам мыналар: ораза тұтқан, сәре асын жеген және Аллаһ жолында күзетшілік еткен адам». (Нәсаи)

«Мүминнің сәресінің құрмамен болғаны қандай тамаша». (Әбу Дауд)

«Сәре асы – қасиетті. Сәре толығымен береке. Бір жұтым су үшін болса да, сәреге тұрыңдар! Аллаһу та’ала және періштелері сәреге тұрғандарға сәлем береді және дұға етеді». (И. Ахмед)