Ғибрат... Жанжалдың тоқтауы (2)
Екі жақ та бар ынтасымен бір-біріне ізет етіп, құрмет көрсеткен сайын ортада шынайы сыйластық, шынайы махаббат пайда болады. Ажал әні келеді, міне келеді деп күтіп жүргенде бір ай өтіп кетеді. Әлі де күте жүргенінде тағы бір ай өтеді. Содан медресеге келеді:
- Ұстаз, бір ай ішінде өлітініме ишара айтып едіңіз. Дайындалып күтіп жүрмін, алайда екі айға жобалап қалды, көргеніңіздей алдыңызда тұрмын,- дейді. Ұстазы:
- Үйдегі жанжал не болды, соны айтшы?
- Сол күннен бері жанжал болған жоқ.
- Бәрекелді! Жанжал болмайды әрине! Өйткені, жанжал екі тірі адамның арасында болады. Бірі өлсе жанжал тоқтайды. «Өлмей тұрып өліңдер» деген хадис шәрифтің мәні осы. Сен өлмей тұрып өлімге дайындалу арқылы берекеге қауыштың. Көргеніңдей екі жақтың бірі өлсе үйде тыныштық орнайды. Ал екеуі де өлсе шынайы махаббат орнайды,- дейді. Сосын сөзін былай жалғастырады:
- Мен саған бір айдың ішінде өлесің деп айттым, бірақ қай айдың ішінде өлетіңіді айтқаным жоқ қой. Бәріміз де қандай да бір айдың ішінде өлеріміз ақиқат. Қай айда өлетініңді мен білмеймін, оны бір құдай біледі,-деген екен.
Зеректік жұмбағы... Қанша жаста
Серік әкесінің бүгінгі жасына жеткен кезде, қарындасының жасы қазіргі жасынан 2 есе үлкейеді. Ал қарындасы әкесінің бүгінгі жасына жеткенде, Серіктің жасы бүгінгі жасынан 2 есе үлкейеді. Үшеуінің жастарының қосындысы 100 болса, әр бірінің жасы қаншада? (Жауабы ертең...)