Күннің тарихы... Жаңа Зеландиядағы ланкестік
Былтыр 15 наурыз жұма күні Жаңа Зеландияның Крайстчерч қаласында жұма намазы кезінде екі мешітке ланкестік шабуыл жасалып, автоматты қарулармен оқ жаудырылуы нәтижесінде 50 адамның өмірі қиылып, 40-тан аса адам жараланды. Қастандықтың артынша шыққан ақпараттар бойынша 28 жасар Брентон Таррант атты содырдың, мұны айлап жоспарлағаны және тіпті мұны әлеуметтік желілер арқылы жариялағандығы анықталды.
Содырдың қолданған қарулары мен оқсауыттары жазбалармен шимақталған. Жазбаларда Еуропа елдерінің мұсылмандармен (Осман империясымен) соғысқан жылдары және осы соғыстарда орын алған басты тұлғалардың есімдері және Исламға қарсы жазылған сөздер орын алған.
Жаңа Зеландияда жасаған жауыздығымен әлемді дүрсілкіндірген Брентон Таррант есімді ланкестің қанды жоспарын екі жыл бұрыннан бастағанын және бұларды Ютуб каналында 74 беттік манифесті арқылы әлемге жариялағандығы мәлім болды.
Жаңа Зеландиядағы бұл қантөгіс бүкіл мұсылмандардың, жүрегінде адами қасиеті қалған бүкіл адамдардың жүрегіне жара салды.
Заты емес, аты мұсылманша көрінген кез келген қылмысты “ислам терроры” деп жар салатын батыстық кейбір ақпарат құралдары, бұл ланкестікті тіпті “террор” деп атаудан шектеліп, “қарулы шабуыл” деп қысқа қайырғандығы байқалды.
Жаратқаннан заманымыз тыныш болғай деп тілейміз! Қаза тапқандарға Аллаһ рахмет етсін! Ланкестік пен эктремизмнің барлық түріне, ланкестерге Аллаһ лағынет етсін!