Untitled Document

Сұхбат... Адамның дәрежесі

Адамдардың дәрежелері барлық жаратылыстың дәл ортасында. Ислам дінін ұстанғандардың дәрежесі көтеріліп, періштелерден үстем болады. Ал нәпістеріне және жаман достарына еріп, Ислам дінінен алыстағандардың дәрежесі төмендейді.

Адам рухы жағынан періштелерге, денесінің құрылымы жағынан жануарларға ұқсайды. Рух жағын күшейткен адам періштелерден де үстем болады. Өйткені дене адамды періштеліктен алыстатып, жануарларға жақындатып тұрғанда ол төмендеуге қарсы тұрып, дәрежесін көтереді.

Кімде-кім денесін қолдап, нәпсін күшейтетін болса, жануарлардан төмен болады. Аллаһу та'ала «Тіпті олар жануарлардан да төмен» деп ондай адамдардың жаман екенін көрсеткен. (Араф 179, Фурқан 44)

Өйткені жануарларда ақыл жоқ. Періштелерге ұқсайтын рухтары да жоқ. Олардың шәһуаттарына (құмарлықтарына) еруі күнә болмайды. Адамдарға ақыл нұры берілгендіктен, нәпістеріне еруі, дұрыс жолдан адасуы өте жаман болады.

Әр жануарда бар болған үстемдіктің бір-бір түрінен адамда жинақталған. Адамның бойында жаратылған осы үстемдіктерді шығаруы үшін ақылын қолдануы, ой-өрісін дамытуы, еңбектенуі қажет. Бақыт пен пәлекет есіктерінің кілті адамның қолына берілген. Жоғарылауы немесе төмендеуі күш жұмсауына және еңбектенуіне байланыстырылған. Ақылын, ой-өрісін пайдаланып, бақыт жолын көріп, сол жолда ілгерілеуге тырысса, бойында жаратылған ізгіліктерге, құндылықтарға қолжеткізіп, дәрежесі көтеріледі, періштелерге жетеді. Аллаһу та'аланың разылығына, сүйіспеншілігіне қауышады.