Сұхбат... Жан тыныштығына қауышу үшін
Адам айналасын, мысалы жерді, көкті және жұлдыздарды бос кеңістікте айналатынын, ғасырлар бойы бір-бірімен соғыспай келе жатқанын, жер бетінде ыстықтық, қысым, ауа, су мөлшерінің, құрылымдарының, жануарлардың, өсімдіктердің, жансыз материялардың, атомдардың, жасушалардың, жалпы барлық болмыстардың құрылымдары мен әрекеттеріндегі тәртіпті, реттілікті, сәйкестікті көріп бұларды жасаған, жаратқан, құдіретті, білімді бір иенің бар екендігін қаласа да, қаламаса да қабылдауға мәжбүр болады. Ақылды адам әлемдегі бұл ұлылықты, осы реттілікті көріп, Аллаһу та’аланың бар екеніне сеніп, мұсылман болады. 1966 жылы мұсылман болған швейцариялық профессор журналистердің сұрақтарына былай жауап берген: «Ислам кітаптарын зерттеп, хақ жолды түсіндім. Ислам ғалымдарының ұлылығын ұғындым. Ислам діні сол күйінде түсіндірілсе бүкіл әлемде ақылды адамның барлығы қуана-қуана мұсылман болады».
Адам табиғат пен өзін зерттеп, мұсылман болғаннан кейін Ислам ғалымдарының кітаптарынан Мұхаммед (алейһиссалам) пайғамбардың өмірін, жақсы мінезін оқыса, иманы күшейеді. Ахлақ ілімерін үйреніп, жақсы мен жаманды, пайдалы мен зиянды нәрселерді ажыратады. Жақсы істерді істеп, кемел адам болады. Дүниеде еркін, тыныштықта өмір сүреді. Оны барлық адам жақсы көретін болады. Аллаһу та’ала одан разы болады. Ақыретте де Аллаһу та’аланың мейіріміне, сый-сияпатына бөленеді.