Мәлімет... Асри сани (екіндінің екінші уақыты) (2)
Намаздыгер сияқты құптанда да екі уақыт бар. Ол «ишаи әууәл» және «ишаи сани» деп аталады. Иша - құптан дегенді білдіреді. Құптан намазының уақыты екі имамның айтуынша ишаи әууәлден, яғни батыста көрінген көкжиек сызығында қызарған нәрсе кеткеннен кейін басталады. Қазақстанда дәл осы үкім бойынша құптан азандарын батыста қызыл түс жоғалғанда оқу әдет болған. Қалған үш мазһабта да осындай. Имам Ағзамның ижтиһады бойынша ишаи саниден, яғни ағарған нәрсе кеткеннен кейін басталады. Қызылдың кеткен кезі күннің үстіңгі жиегінің көкжиектен 17 градусқа түскен кезі. 19 градусқа түскенде ағару да кетеді.
Қандай да бір себеппен бесін намазын екі имам көрсеткен уақыт - асри әууәлге дейін оқи алмаған адам намазын қаза етпей, Имам Ағзамның айтуы бойынша, асри саниге дейін оқып алуы керек. Мұндай жағдайда сол күнгі екінді намазын Имам Ағзам көрсеткен уақыттан бұрын оқымауы керек.
Қысқасы, бесінді асри әууәлде оқыған адам намаздыгерді асри саниде және намазшамды ишаи әууелде оқыған адам құптанды ишаи саниде оқуы керек. Имам Ағзамның да, екі имамның да үкіміне сәйкес болуы үшін намаздыгерді асри саниде, ал құптанды ишаи саниде оқыған дұрыс.
Түркістан Күнтізбесі
Кешегі жұмбақтың жауабы: Доптар 3, 3 және 2 етіліп үш топқа бөлінеді. Алдымен 3-еу болған топтар жеке-жеке таразыға қойылып тартылады.
А) Тең болса, ауыр болған доп 2-еулік топта
Б) Біреуі ауыр болса, сол топта болғаны мәлім болады.
Әр екі жағдайда да, ауыр допты табу үшін тағы да бір бір доптан тартып көреді.