Untitled Document

Жалғасы... Баланың өтірік айтуы (2)

Сонымен қатар өзіңіз өтірік айтушы болмаңыз. “Пәленше сұраса, мені жоқ деп айта сал” деген сияқты болмашы деп ойлаған сөздер де баланың өтірікті қалыпты нәрседей қабылдауына септігін тигізуі мүмкін. Балаңызды басқа балдармен салыстырмаңыз («жұрттың баласына қарашы» деген сияқты). Қажет кезінде балаңызды мақтаңыз. Одан разы екеніңізді сездіріңіз. Сын айтпаңыз. Балаңыздың әрбір сөзін шын-өтірігіне қарамай “өтірік, өтірікші” деп таңбалай бермеңіз. Өтірік айтқан кезіне, баланың жекелеген қасиетінен бөлек тұрғыдан қараңыз. Байсалды, жылы сөзбен сөйлесіңіз. Өтірік айтудың дұрыс емес екенін, зиянын, өзі үшін де, өзгелер үшін де болымсыз, кері нәтижелермен аяқталуы мүмкін екендігін түсіндіріңіз. (Мысалыға: Өтірік айту қарсыңдағы адам ренжітумен қоймай, ашуын келтіруі мүмкін. Өтірік айтатын болсаң, достарың саған сенбейтін болады. Осы себепті достарың азаюы мүмкін... т.б.) Өтірік айтпаудың, дұрыс сөзді болудың пайдаларын айтыңыз. Басқалар сені алдағанда қандай сезімде болғанын сұраңыз. Өзін басқаның орнына қойып көруді айтыңыз. Сонда қарсыдағы алданған адамның сезімдерін жақсырақ ұғынуы мүмкін. Балаңыз өтірік айтып құтылуы мүмкін бола тұра, шындығын айтқан кезінде, шындықты айтқаны үшін оны мақтап, алғыс айтыңыз.

Өзіңіз жақсы мінезді болыңыз. Көбінесе балалар ата-анасын өзіне үлгі етіп алады. Балаңызды мейірім ішінде өсіріңіз. Мейірім көріп өскен бала мейірлі болып өседі.