Untitled Document

Отбасы... Ата-ана ақысы

Хадис шәрифтерде былай делінеді:

«Ата-анасына қызмет еткен адамның өмірі ұзақ және берекелі болады». (Ислам ахлақы)

«Дінге сай қызметтерімен ата-анасын қуантқан адам, Аллаһу та’аланы қуантқан болады. Ал оларды ашуландырған адам, Аллаһу та’аланы ашуландырған болады». (Ибн Нәжжар)

«Ата-анасы жанында қартайғанымен (разылықтарын ала алмай) жаннатқа қол жеткізе алмаған адамдардың сағы сынсын». (Тирмизи)

«Ата-анасына жақсылық жасаған бала пайғамбарлармен бірге жаннатқа кіреді». (И. Рафии)

«Ата-анасына жақсылық жасаған адамның өмір жасы ұзақ және ризығы берекелі болады». (И. Ахмед)

«Ең құнды амал – уақытында оқылған намаздан кейін ата-анаға жақсылық жасау». (Мүслим.)

«Ата-анаңа жақсылық етсең, кейін балаң да саған жақсылық жасайды». (Табарани)

«Ата-анаға қарсы шығу үлкен күнә». (Бұхари)

«Ата-анасына қарсы шыққан бала жаннатқа кірмейді». (Нәсаи)

«Ата-анасына қарсы шыққан баланың өмірі берекесіз және қысқа болады». (Ислам ахлақы)

«Раббыңның разылығы ата-ананың разылығында. Ашуы да ата-анаңның ашуында». (Бұхари)

«Ата-анасының разылығын алған мұсылманға жаннаттан екі есік ашылады. Ал ренжіткен адамға тозақтан екі есік ашылады». (Бәйһақи)

«Ата-анасының разылығын алған мұсылман не істесе де тозаққа кірмейді. Ал ренжіткен адам жаннатқа кірмейді». (Шира)

«Хақ та’ала кейбір күнәлардың жазасын қияметке дейін кешіктіреді. Ата-анаға қарсы шығу күнәсы бұлардан тыс». (Хаким)

«Үлкенге құрмет көрсетпейтіндер бізден емес». (Тирмизи)