Untitled Document

Сұхбат... Мұхаммед алейһиссаламның үстемдігі

Мұхаммед алейһиссалам – пайғамбарлардың ең үстемі, әлемдердің мейірімі. Он сегіз мың ғалам оның рақымдылық дариясынан пайдалануда. Ол - барлық адамдар мен жындардың пайғамбары. Періштелерге, өсімдіктерге, жануарларға және барлық махлұқтарға да пайғамбар екендігін айтқандар көп. Басқа пайғамбарлар белгілі бір мемлекетке, белгілі бір қауымға жіберілген еді. Ал Расул-и әкрам (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) - бүкіл әлемге, жанды-жансыз барлық жаратылысқа пайғамбар. Аллаһу та’ала басқа пайғамбарларды есімдерімен атаған. Ал Мұхаммед алейһиссаламды: «Ей, Расулым! Ей, пайғамбарым!» - деп шақырған. Басқа пайғамбарлардың әрбіріне берілген мұғжизалардың ұқсасы оған да берілген. Аллаһу та’ала сүйікті пайғамбарына көп сый-сияпат көрсеткені, көп мұғжиза бергені соншалық, басқа ешбір пайғамбарына мұны бермеген. Мүбәрәк саусағымен белгі берген кезде айдың екіге бөлінуі, мүбәрәк алақанына алған тастардың тәсбих айтуы, ағаштардың: «Йа Расулаллаһ!» - деп оған сәлем беруі, Расулуллаһтан айрылғаны үшін «Ханнанә» атты ағаштың дауыстап жылауы, мүбәрәк саусақтарының арасынан таза судың ағуы, ахиретте оған «Мақам-и Махмуд», «Шәфаат-и кубра», «Кәусар бұлағы», «Уәсила» және «Фадила» атты дәрежелердің берілуі, жәннатқа кіруден бұрын Аллаһтың дидарын көрумен қадірленуі және дүниеде хулқ-и азим, дінде йәқин, ілім, мейірбандық, сабырлылық, шүкір, зухд, иффәт (арлылық), әділдік, мурууәт, ұяттылық, батылдық, қарапайымдылық, хикмет, әдептілік, сәмахат (жақсылық жасаушы), мейірім сияқты бітпейтін құндылықтар мен қасиеттер арқылы бүкіл пайғамбарлардан үстем етілген. Оған берілген мұғжизалардың санын Аллаһу та’аладан басқа ешкім біле алмайды. Оның діні барлық діндерді нәсһ еткен, үкімдерін жойған. Оның діні – барлық діндердің ең жақсысы, ең жоғарғысы. Оның үмбеті – бүкіл үмбеттерден үстем. Оның үмбетінің әулиелері басқа үмбеттердің әулиелерінен қадірлірек.