Untitled Document

Үй үшін... Практикалық мәліметтер

- Жаңа таба сатып алғанда, суға сірке суын қосып қайнатыңыз. Бұл амал ілгеріде қуыратын тағамдардың таба түбіне жабыспауына септігін тигізеді.

- Жаңғақ тұтыныңыз. Жаңғақтың құрамындағы майлар ми жасушалары үшін өте пайдалы болып табылады. Қанның шекер деңгейін түсіретіндіктен, қант диабеті науқастарына да кеңес беріледі. 

- Жаңғақты оңай шағылуы үшін бір түнге тұзды суға салу керек. Осылай еткенде, дәні де шашылмайтын болады.

- Үйдегі ұнға шіркей түспеуі үшін, ұн ыдысына бір дана лавр жапырағын салып қою керек.

- Көп мөлшердегі картоптың өніп кетпеуі үшін, арасына бір дана алма салу керек. 8 аптаға дейін өніп кетуінің алдын алады.  

- Қабырғаға шеге қағылатын орынға айқастырып скоч жабыстырылатын болса, сылақтың жарылуының алдын алады.

- Көздіктің әйнектерін глицеринмен сүртсеңіз, буланбайды.

- Бөлмедегі бояудың иісін кетіру үшін, екі пиязды екіге бөліп ыдыстағы суға салып боялған бөлмеге қойыңыз.

- Консерві ыдысының беті дөңестеу болып көтерілген болса, сондай-ақ ашқанда дыбыс және иіс шықса, ішіндегі азықтың бұзылғандығының белгісі.

- Ықылық тигенде тоқтату үшін өкпеге дем жинап 15 секунд ұстап тұру керек, сонан соң 3 рет жұтыну керек. 

Күннің тарихы... Меккенің алынуы

Пайғамбарымыз Мәдинадан хижреттің 8-ші жылы (1 қаңтар 630 ж) Рамазан айының 10-ы дүйсенбі күні 12000 адамдық әскермен жолға шыққан еді. Рамазан шәриф айының 20-сы (11 қаңтар) бейсенбі күні соғыспастан, Меккені бағындырды. Дұшпандарына: «Сендердің ешқайсыларыңды жауапқа тартпаймын. Барыңдар, бәрің боссыңдар”,- деді.

Қағбаны пұттардан тазартты, Хазреті Біләл Қағбаның дуалына шығып, алғаш рет азан шақырды. Осылайша  мұсылмандар көшіп кеткен Меккемен, Қағбамен  және атамекендерімен қайта қауышты.