Untitled Document

Ғибрат,.. Мазлұмның дұғасы (1)

Мазлұмның (зұлымдыққа ұшыраған адамның) қарғысынан сақтану керек. Әділетсіздікке ұшырап, жәбір көрген, зұлымдық отымен бетпе-бет келген адамның іші өртеніп, жәбірлеушісіне бетдұға етуі (қарғауы) мүмкін. Ондай дұға қабыл болу мәртебесіне жетеді. Сондықтан ешкімнің ақысын жемеуге, ешкімге зұлымдық етпеуге мұқият болу керек. Адамдардың разылығын, батасын, игі дұғасын алуға тырысу керек.

Хазреті Әбуддәрда былай дейді: Зұлымдыққа ұшыраған адамның қарғысынан, лағынетінен және жетімнің көз жасынан сақтаныңдар. Өйткені, адамдар рахаттанып ұйықтап жүргенде олар дерт, қиыншылық, қайғы-мұңның ішінде көңілі жабырқаулы болады.

Қандай  да бір мұсылманның кәпір болуы үшін дұға еткен адамның өзі кәпір болады. Залымнан басқаға бетдұға ету харам. Залымға жасаған зұлымдығындай мөлшерде бетдұға ету жаиз (рұқсат). Дегенмен залымға да қарғыс айтпай, сабыр ету, тіпті кешіру жақсы болады.

Бұрынғы заманда Хорасан патшасы Абдуллаһ бин Тахир өте әділетті кісі болған екен. Оның сақшылары бірнеше ұрыны ұстап, әміршіге хабар береді. Жолда ұрылардың біреуі қашып кетеді. Сол тұста Нишапурға іссапармен барған хираттық бір ұста, үйіне қайтып келе жатып Хорасан арқылы өтеді. Сақшылар оны ұры екен деп ұстап алады. Басқа ұрылармен бірге патшаға алып барады. Патша: «Барлығын зынданға тастаңдар!» деп бұйырады.

Ешқандай кінәсі жоқ ұста зынданда дәрет алып, намаз оқиды. Қолын жайып, «Йа Раббым. Кінәлі емес екенімді тек сен ғана білесің. Мені бұл зынданнан сен ғана құтқара аласың» деп дұға етеді. (Жалғасы ертең...)