Untitled Document

Әдеп-ахлақ... Әзіл және мазақ

«Дұшпандықтың бастауы орынсыз қалжың және мазақтан келеді» деп айтылады. Әбул Фәтһи Бести былай деген: «Бір жұмыс істеп жатқанда ол жұмыстан жалығасың, сол кезде ісіңді аз уақытқа тоқтатып, өзіңді демалдыр. Біраз әзілдесіп, көңліңді көтер. Бірақ адамдармен әзілдескенде, әзілің тамаққа салынған тұздай болсын. Яғни тамаққа салынған тұз мөлшерден көп болғанда тамақтың дәмін қалай бұзатын болса, әзіл де сондай жағдайда болады. Әзіл, шамадан көп болса, шектен асса зиянды болады. Ал аз болса да, көңіл көтеріңкі болмайды. Әзіл шаршағандықты, әлсіздікті кетіретіндей дәрежеде болу керек.»

Саид бин Ас ұлына былай деген: «Ей балам, аз әзілдес! Өйткені әзілдің қажеттіліктен артығы адамның қадірін кетіреді және жамандардың дұшпандығын арттырады. Ал мүлдем әзілдеспеу, достарымен және жақсы көрген адамдарымен болған қарым-қатынасының әлсіреуіне, арадағы байланыстың, бір-біріне сенімділіктің бәсеңдеуіне себеп болады.

Сондықтан достарымен болған сұхбатты, қарым-қатынасты жалғастыруға себеп болатын түрдегі әзілді тастама, бірақ әрқашан шектен шығудан сақтан! Көп күлу де, көп әзілдесу сияқты зиянды.»

Кешегі жауап: Судың жоғары көтеру күші – заттың көлеміндей судың салмағымен заттың салмағының айырмасына тең. Осы себепті үлкен допты көтеретін күш көп болатындықтан су бетіне бірінші болып үлкен доп шығады.