Ғибрат... Бетердің де бетері бар
Иса алейһиссалам келе жатып ағаш астында жан тәнімен беріліп дуға етіп отырған адамды көреді. Оның «Йа Раббым! Байларға бермеген ниғметтеріңді маған бердің. Саған сансыз шүкірлер болсын!» деп айтып жатқанын естиді. Иса алейһиссалам бұл кісінің көзі көр, денесі сал және алапес ауруына шалдыққанын байқап: «Сен қандай ниғметтер үшін шүкір етіп жатсың?» деп сұрайды. Әлгі кісі «Жүрегім Аллаһқа деген махаббатқа толы, ақшаға деген махаббатқа емес, тілім болса Аллаһу та’аланы зікір етуде. Осының өзі жеткілікті емес пе?» деп жауап береді. Бұл жауаптан қатты әсерленген Иса алейһиссалам еңкейіп екі қасының арасынан сүйеді. Сол сәтте әлгі кісінің екі көзі де ашылады. Иса алейһиссаламға мұқият қарап: «Сен Иса пайғамбар емессің бе?» дейді. Иса алейһиссалам: «Ия, мен Исамын, қане орныңнан тұр!» дегенінде, әлгі адам орнынан тұрды. Ауруларынан толықтай айыққан еді. Кейін Хақ та’алаға сәжде жасап: «Йа Раббым, көздерім көр, денем сал кезде бұл дене мүшелеріммен күнә істей алмайтын едім. Қазір шипа ихсан еттің. Мені бұдан кейін де күнә істеуден сақта!» деп дұға етті. Иса алейһиссалам оның осы дұғасына «амин» деді.
Зеректік жұмбағы...Екі доп
Теңіздің түбінен, салмағы бірдей және судан жеңіл болған және бірінің диаметрі екіншісінен екі есе үлкен болған екі доп жіберілсе, қай доп судың бетіне бірінші шығады? (Жауабы ертең)