Сұхбат... Дәреттен соң
Пайғамбарымыз бір хадисінде былай дейдi: «Кiмде-кiм дәрет алып болып көкке қарап мына дұғаны оқыса, (Субханәкә Аллаһумма уә би хамдика Әшһаду әлла илаһә илла әнтә уәһдаһу лә шарика ләкә әстағфирука уә атуубу илайка Әшһаду әлла илаһә иллаллаһ уә әшһаду әннә Мұхаммәдән абдукә уә Расулукә) Аллаһу та’ала ол кiсiнiң күнәларын кешiреді және қабыл мөрімен растап Арши аланың астында сақтайды. Сондай-ақ Қиямет күнiнде бұл дұғаны оқыған кiсi келіп Аллаһу та’аладан сауабын алады.»
Бiр хадис шәрифте: «Кімде-кiм дәрет алғаннан кейiн “Иннә әнзәлнәһу” сүресiн бiр рет оқитын болса, Аллаһу та’ала ол кiсiнi сыддықтар қатарына жазады. Екi рет оқыса, шәһидтердiң қатарына жазады. Ал үш рет оқыса, Пайғамбарлармен бiрге тіріледі»- деді.
Тағы бiр хадисте: «Кiмде-кiм дәрет алғаннан кейiн маған он мәрте салауат айтатын болса, Аллаһу та’ала ол кiсiнiң қайғысын кетіріп, көңiлiн көтередi. Сондай-ақ дұғасын қабыл етедi»- деп айтқан.
Дәрет алып болған соң: «Аллаһуммаж-ални минәт-тәууәәбин, уәжъални мин-әл-мутатаххирин, уәж ални мин ибадик-ас-салихин, уәж ални минәлләзина лә хавфун алейһим уә ләһум яхзанун» дұғасын оқудың да сауабы көп
Күлімдейік...
Ескі ертегі
Бір қарға аузындағы ірімшікті жей бергенінде, түлкі келіп:
- Қарға аға, әдемі даусыңмен ән шырқап жіберші,- дейді. Қарға аузындағы ірімшікті қанатына ыңғайлап қыстырады да:
- Түлкі бауырым, мен ондай ескіріп кеткен қулықтарға алданбаймын. Өйткені мен де қарға мен түлкі ертегісін оқығанмын,- деп жауап берген екен.