Untitled Document

Жалғасы... Кәсіп таңдау (2)

Ғылым мен технологияның жылдам ілгерілеуімен қатар мамандық түрлері де қарқынды түрде көбейіп, бір жағынан кейбір мамандықтар қажеттен шығып жатса, бір жағынан жаңа мамандықтар пайда болуда. Осыған байланысты ілгеріде адамдар тіршілігі барысында 3-4 мамандық ауыстыратыны болжануда. Кәсіпорындарда да технологиялардың жаңаруына байланысты мамандар жылына 1-2 рет қосымша оқу курстарына жіберілуде. 

ЖОО бітірген түлектердің көбісінің өз мамандығы бойынша емес, басқа салаларда қызмет атқарып жататындығы жиі байқалатын үрдіс. Ақпарат құралдарындағы деректер бойынша елімізде ЖОО бітірген түлектердің 30 пайызы ғана өз мамандығы боынша қызмет атқарады екен. Мұның әр-түрлі себептері бар. Соның бірі мұны адамдардың өзін танып, өзіне ыңғайлы, өзі ұнатып істейтін қызмет түрін табуымен байланыстыруға болады.        

Кәсіп таңдағанда - жүрегіңіз қай іске бұрып тұрғандығын, қай іс көңіліңізге қонышты болатынын ескеріңіз. Адам жақсы көретін ісімен шұғылданғанда жетістікті болады. Бір кәсіпорынды әлемдік деңгейге көтеріп, жетістігімен әйгілі америкалық кәсіпкер Джек Уэлч былай дейді: «Өздеріңе ұнайтын, жақсы көретін жұмыс істеңдер. Жақсы көрмейтін жұмыс істеп өздеріңді де, жұмысты да, басқаларды да қинаудың қажеті жоқ. Ол жұмыстан жақсы нәтиже шықпайды.»

Шынында да жұмыс орындарында кейбір қызметкерлер бар жұмысын құлшыныспен, сүйіспеншілікпен орындайды. Өз жұмысын жақсы көргендіктен, ықыласпен істегендіктен ол іс үнемі алға басады. Жақсы көріп істегендіктен өзі де бұдан жалықпайды, шаршамайды, керісінше содан ләззат алады. (Жалғасы ертең...)