Untitled Document

Жалғасы... Шекер тарихы (2)

Сол замандары Венеция рафинатталған шекердің орталығы еді. Васко да Гама Үндістанға барып шекер саудасын жолға қойғанында Венецияның шекер монополиясының белі сынған болды.        

Христофор Колумб шекер өсіруге климаты ыңғайлы болған Кариб аралдарына шекер өсіре бастады. Осыдан кейін аралдар шекер қамысы плантацияларына айналды. Еуропаның шекер қажеттілігі осы жерден қамтамасыз етілетін болды. Бұл жерде жұмыс істетуге әлемнің түпкір түпкірінен жұмыс қолы әкеліне бастады. Осы арада құл сауда-саттығы да үдейе түсті.

ХVІІ ғасырдың орталарына қарай шекер барлық жақта дерлік танымал жағдайға келді. Шекерді кофе және какаомен бірге қайнатып ішу Еуропа байларының арасында модаға айналды. Шекер саудасымен айналысқандардың жұмысы шыңға өрлегені соншалық, шекерді ақ алтын деп атай бастады. Ұзақ жерлерден келетіндіктен және тапшы болғандықтан әлі де арзан емес болатын. Тек өнеркәсіп төңкерісі кезеңінен кейін ғана арзандады.

Франция императоры І Наполеон Еуропа құрлығын қоршауға алып, шекер жолдарын жапқанында, адамдар жаңа шекер көзін іздей бастады. Маргграф атты неміс ғалымының ашқан жаңалығы бұл мәселенің шешіміне айналды. Ақ қызылшадағы (қант қызылша) тәтті заттарды кристалдандыруды және мұның дәмі шекер қамысына тең келетінін анықтады. Шәкірті Ачард мұның өндірісін жолға қойды. Алғашқы шекер фабрикасын 1802 жылы Силезияда құрды. Маргграф қант қызылшасынан 1%, Ачард 4,5% шекер алуды жүзеге асырған болатын. Ал қазір бұл көрсеткіш 15-24% аралығында.