Тарих... Шекер тарихы (1)
Шекер ертеде шекер қамысы деп аталатын тропикалық өсімдіктен алынатын. 10 метрге дейін жететін бойымен 20-25% шекер құрайды. Шекер ең алғаш Полинезиядан Үндістанға өткендігі болжанады. Б.з.д. 510 жылы Үндістанды басып алған парсы билеушісі Дара еліне шекер жаңалығын алып келеді. Арасыз бал беретін шекер қамысы тез таралып, көптеп қарқын алады. Кейініректе Иранды басып алған арабтар да шекердің дәміне құнығып, өсіріп, ауқымды өндіріс түріне айналдырды. Батыстықтар бұдан басқа көп нәрсені алғанындай шекерді де арабтардан алды. Елдеріне қайтқан крес жорықшылары шығыстағы шекердің дәмін ұзақ айтып жүрді. Шекер – Мысыр, Кипр, Сицилия, Андалусия арқылы Еуропа елдеріне, кейін бұл жақтан Канар аралдары арқылы Америкаға жетті. ХVІ ғасырда толыққанды сауда құралына айналды.
Шекер сөзінің түбі санскрит тілінде чаркара (ұсақ тас) деген мағынаға келетін және шекер үшін де қолданылған осы саркара сөзінен келеді. Ал Еуропаға бұл атау арабшадағы “суккәр” сөзінен өтеді. Көп елдерде осы сөзден келетін атаулар қолданылады. (Орысша “сахар”, ағылшынша “sugar”, немісше “zucker” т.б.) Парсылардың қанд сөзі де біршама елдерде шекер орына баланады. (Ағылшыншада “candy”, бізде қант сөзі бар.)
1309 жылы Лондонда 1 фунт шекердің бағасы бір адамның айлығына тең келетін. (1 фунт = 0,45 кг) Осы себепті күш жинасын деген мақсатта тек ауруларға ғана берілетін. Ал байлардың дастарханының сәні саналатын. Франция королі ІІІ Генри Венецияға келгенінде, оның құрметіне ұйымдастырылған салтанатта барлық табақта шекер ұсынылған болатын. (Жалғасы ертең...)