Untitled Document

Аңыз... Үш кесір

Аққоян жылы кар калың түсіп, көктем созылыңқырап шығыпты. Алшын аулы қыстан жұтап, ашаршылыққа ұшырапты. Күйзелген ел тоқшылық жаққа ауа көшпек болғанда, Әйтеке би оларға тоқтам салыпты. - Қоныс аударып, бекерге боспаңдар, одандағы Төле би еліне оншақты кісіні астық әкелуге жіберейік, - деп, өзінің баласын бас етіп ауыл адамдарын аттандырыпты. Төле би бұл кезде Ташкентті билеп тұр екен. Келген ағайындарды қарсы алып, тойындырыпты. Көлігі көтергенше астық жинап, өзін сыйлас биіне селемдемеге алты қап бидай, бір жылқы сойыс беріпті. Төле би алшын жігіттеріне біраз әңгіме, аталы сөз айтыпты. "Ал, жолдарың болсын, елдеріңе, Әйтекеңе сәлем айтыңдар" десе, Әйтекенің баласы отырған орнынан қозғала қоймапты. Төле би: - Е, е, балам, жайша тоқталдың ба? - деп сұрапты. Сонда ол: - Әлгінде айтқан аталы өсиетіңіздің аяғын біліп кетсем деп, соған қарап отырмын, - депті. - Пәлі, балам, сөздің қадірін білетін есті бала екенсің, енді ол әңгіменің мәнісін таратып берейін. Жігіт адамға басты кесір - еріншектік, ортаншы кесір - ұйқышылдық, кенже кесір - кежірлік, тілазарлық. Осы үш кесір, әдет бір адамда болса, ол адам өмір бойы оңбайды, - депті.

      Кешегі жұмбақтың жауабы: Мешіт пен балабақша арасы, жолдың 1:3 – 1:4 = 1/12-і. Мұрат бұл ара-қашықтықты 5 минутта жүріп өткеніне қарағанда, жолдың толығын 12х5=60 минутта жүреді. Демек үйден 7:15-те шығып, мектепке 8:15-те барады.