Жалғасы... Күнделік жүргізу (3)
Қисынды ойлану: Қисынды ойлану, пікірлеу күші.
Ұғыну қабілеті: Шытырман, аралас-құралас нәрсенің жай-жапсарын көре алу, ұқсастықтар мен өзгешеліктерін тез арада және дұрыс түрде ажырата алу.
Мекен байланысы: Бір мәселенің көрінбейтін жақтары мен ғарыштағы әртүрлі жағдайларды елестете алу, қиялдай білу, мекен байланыстарын түсіне алу секілді қабілеттер.
Сандық қабілет: Қарапайым арифметикалық есептерді тез және дұрыс есептей алу.
Терстоунның осы атағандарының ішінен сандық қабілеттен басқа барлық қабілеттердің жетілуіне күнделік жүргізудің пайдасы бар екендігін дөп басып айта аламыз. Зеректіктің ең маңызды ерекшелігі жетілуге, дамуға бейім болуы. Дүниеге келген әр балада белгілі мөлшерде зеректік болады. Бірақ осы зеректік қабілеттердің шыңдалуы, жетілуі айналасындағы шарттарға, белсенділіктерге байланысты. Баланың күнделік жүргізу дағдысына ие болуы, зеректігінің жетілуі тұрғысынан өте пайдалы болып табылады. Сондықтан ата-ана ретінде осы дағдыға бағыттауға да немқұрайлы қарамауымыз қажет.
Зеректік жұмбағы...
Сағат нешеде
Мұрат мектепке жаяу барады. Жолдың төрттен біріне келгенінде мешіттің жанынан, үште біріне келгенінде балабақшаның жанынан өтеді. Мешіттің жанына келгенде сағат 7.30, ал балабақшаға келгенде 7.35 болады. Әли үйден сағат нешеде шығады және мектепке нешеде барады? (Жауабы ертең)