Untitled Document

Жалғасы... Күнделік жүргізу (2)

Күнделік жүргізетін адамдар басынан өткерген жағдайлар мен тәжірибелерін өз сөзімен суреттеп, жазу тілімен сипаттайды. Адам жазу қабілетін қолдана отырып зейінінде қалыптастырған деректерді зерттеу, еске түсіру, талдау, байланыстыру, тексеру секілді амалдарды жаңадан жүйелендіреді. Басқаша айтқанда жазу - мақсатқа сай сөздерді таңдау, бұларды орынды қолдану, әдемі сөйлемдер құра алу және сөйлемдерді әр түрлі мақсаттарға сәйкестендіріп қалыптастыруды қажет етеді.

Күнделік жүргізу адамға ең терең ойларын, сезімдерін сөйлеммен сипаттау және оны кейіннен қайта зерттеп, талдау мүмкіндігін береді.

Зеректік ұғымына ғалымдар әртүрлі сипаттама берген. Зеректік – жалпылама ойлану, ақылды, сананы қолдану, талдау, естеу сақтау, қисын құру және шешім шығару секілді қабілеттердің біртұтас атауы ретінде қарастыруға болады. АҚШ-тық профессор, психолог Терстоунның айтуынша зеректік бірі екіншісінен өзгеше зейін күшін талап ететін қабілеттердің бірлестігінен қалыптасады. Зеректікті құрайтын осы негізгі қабілеттер мыналар:

Сөзге байланысты қабілеті: Оқығанын түсіну, сөйлемдерді реттеу, сөз қисыны мен сөз қоры т.б. қабілеттер.

Сөз тапқырлық: Белгілі мерзім ішінде белгілі сөз түрінен көп сөз таба алу.   

Есте сақтау: Түсініксіз нәрселерді, сандық, сөздік және пішіндік  қатарлар мен материалдарды егжей-тегжейлі түрде есте сақтай алу секілді факторларды қамтиды. (Жалғасы ертең...)