Untitled Document

Мақала... Күнделік жүргізу (1)

Жазушылар жас күнінде күнделік тұтпағандығына өкінеді екен. Өйткені оқиғаларды еске түсіріп жазу басқа, сол кездегі сезімдерді, халдерді суреттейтін өз сөзіңмен жазылған қатарлардан еске түсіріп жазу мүлдем басқаша болады екен.  

Атақты неміс физигі Альберт Эйнштейн: «Қиял күші – барлық нәрсенің негізі. Сіздің күтіп тұрған көркемдіктің фрагменті секілді. Қиял күші білімнен де маңызды» деп зеректіктің шынайы көрсеткіші білім емес қиял күші екендігін айтқан екен. Өйткені білім, өнер, технология салаларында тіршілігімізді жеңілдетіп жатқан көптеген жаңалықтар қиял күші бай болған адамдардың арқасында табылған. Сондықтан балалардың жетілуі үшін тек білім жүктей бермей олардың өзін танымдай алатын белсенділіктерге де бағыттауға мән беру керек. Бұл тұрғыда күнделік жүргізудің маңызы зор. Өйткені күнделік тұту - қиял күшін, ой-сананы, тілді және есте сақтау қабілетін шыңдау тұрғысында зеректікті дамытатын ең әсерлі жолдардың бірі. Күнделік жүргізу - бастан өткендерді дәптерге жазумен қатар өз-өзін зерттеу, бағалау, өткеннен сабақ алу секілді пайдалары бар. Басқаша айтқанда тіршілігіміздің себебін, қандай адам екенімізді, нені дұрыс істеп, нені бұрыс істегенімізді еске түсіретін естелік дәптер. Осы тұрғыдан күнделік жүргізу адамның өзін жақсырақ тануын қамтамасыз етіп, сезіну, ұғыну деңгейін арттырып, қисынды шешім қабылдауын жеңілдете түседі. (Жалғасы ертең...)