Untitled Document

Насихат... Бақыттың рецепті

  • Арзан көлік қолдан, бірақ ала алғаныңша ең әдемі үй ал!
  • Жұбайыңды өте жақсы таңда! Өйткені бақытыңның немесе бақытсыздығыңның 90% осы таңдауыңа байланысты.
  • Күніне ең аз 30 минут жаяу жүр!
  • Әр тамақтанудан бұрын және кейін шүкір ет!
  • Күніне 6 стакан су ішуді ұмытпа!
  • Сені жақсы көретіндерге және мұқтаждарға қамқорлық жаса!
  • Қалам және күнделігіңді үнемі жаныңда алып жүр!
  • Уақытыңды және сөздеріңді бос нәрселерге жұмсама!
  • Алғашқы көмек және денсаулық жөнінде ілімдерден хабардар бол!
  • Көз алдыңда үнемі әдемі нәрселер болсын!
  • Балаларыңды түсінуге тырыс, жазалауға емес!
  • Жоғалтатын ешнәрсесі болмаған адамдардан қорық!
  • Жанұяңдағыларды сынға алғың (айыптағың) келгенде тіліңді тісте!
  • Бір адамның құпиясын жариялаудан бұрын екі рет ойлан!
  • Адамдардың жасаған жаман нәрселерін емес, келешекте жасайтындарын ойла!
  • Өзіңе жасалуын қаламаған нәрсеңді басқаларға да жасама!

Күннің тарихы...

                               Бірінші Дүниежүзілік Соғыс

     Бірінші дүние жүзілік соғыс (28 шілде 1914 – 11 қараша 1918) адамзат тарихындағы ең кең ауқымды соғыстардың бірі. Соғыс нәтижесінде төрт империя – Осман империясы, Ресей империясы, Австрия-Венгрия империясы және Германия империясы жойылды. Бірінші Дүниежүзілік соғысқа Еуропа құрлығынан бастап, дүниенің бес құрлығынан көптеген мемлекеттер қатысқан және материалдық зардаптармен қоса 12 миллионға жуық адам өліп, 55 миллионға жуығы жараланған.