Untitled Document

Ғибрат... Түсіне алмадым

Хазіреті Омар (радиаллаһу анһ) бір күні бір жерден өтіп бара жатып пайғамбарымыз Мұхаммед алейһиссаламның Әбу Бәкірге бір нәрсе түсіндіріп жатқанын көреді. Олардың жанына келіп, тыңдайды. Мұны басқа сахабалар да көргенімен, олардың қасына келіп тыңдаудан тартынады. Олар ертеңіне Омардан сұрайды: “Ей Омар! Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уә сәлләм) кеше сізге не түсіндірді? Бізге де айтыңыз. Біз де білейік.” Өйткені, Расулуллаһ: «Менен есіткендеріңді діндес достарыңа айтыңдар. Бір-біріңе хабарласыңдар» деген. Омар (радиаллаһу анһ): “Кеше Әбу Бәкір радиаллаһу анһ Құран Кәрімнен түсінбеген бір аяттың мағынасын сұрапты. Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уә сәлләм) оған түсіндірді. Мен де бір сағат бойы тыңдадым. Бірақ ешнәрсе түсіне алмадым” деп жауап береді. Өйткені, Расулуллаһ оны Әбу Бәкірдің жоғары деңгейіне лайықтап түсіндірген еді. Омардың (радиаллаһу анһ) дәрежесі де жоғары болатын. Бұл туралы Пайғамбарымыз: «Мен - пайғамбарлардың соңғысымын. Менен кейін пайғамбар келмейді. Егер менен кейін пайғамбар келетін болса, Омар пайғамбар болар еді» деген. Осындай жоғары дәрежеде екендігіне, араб тілін өте жақсы білетіндігіне қарамастан Құран Кәрімнің тәпсірін де түсіне алмады. Ол да, тіпті Жәбірейіл алейһиссаламның өзі де Құран Кәрімнің мағынасын Пайғамбарымыздан сұрайтын.