Untitled Document

Сұхбат... Аударма оқудың зияны (2)

Ислам дінінің ұлы ғұламалары тынбай еңбек етіп, бар күштерін, өмірлерін осы хадистерді жинап, тафсир кітаптарын жазуға арнаған. Олардың ішіндегі ең құндысы – “Байдауи” кітабы. Бұл тәпсір кітаптарының өзін де түсіне алу үшін жылдар бойы оқу - еңбектену керек. Құран Кәрімнің дұрыс, ақиқат мағынасын түсінуді қалайтын адам әһли сүннет ғалымдарының “кәлам”, “фиқһ” және “ахлақ” кітаптарын оқуы керек.

Егер Құран кәрімге аударма жазу дінге қызмет ету болып саналғанда, 13 ғасырлық Ислам мемлекеттері, халифалар дәуірінде көптеген аударма жазылар еді. Алайда тарихтағы ең өркендеген бірде бір Ислам мемлекетінде ондай қателікке жол берілмей керісінше фиқһ кітаптары көбірек жазылып таратылған. Аббаси, Омаяд, Тимурұлдары, Бабурилер және Осман империясы секілді күшті ислам елдерінің ешбірі Құран кәрімге аударма жасамады.  

Оның үстіне дүкендерден дұрыс аударма табу да мүмкін емес. 1986 жылы Стамбұлда ұйымдастырылған Құран аудармаларының семпозиумында 1500-ден астам аударма зерттелді және бір-біріне сай келмейтін үкімдердің бар екені байқалған.

Соңғы ғасырдың тәпсірі немесе Заманауи тәпсір деген атаулармен жаңа кітаптардың жазылуы одан да қауіпті. Құран кәрімнің әмірлері барлық замандағы адамдар үшін бірдей. Алдыңғы ғасырдағыларға басқа, кейінгі ғасырлардағыларға басқа мағыналары жоқ. Әр заманға, әр ғасырға сай әр түрлі аударма немесе тәпсір жазу дегеніміз – дінді әр ғасырда бұзу деген сөз. «Заманауи аударма» немесе «Заманауи тәпсір» деген атаулармен шыққан кітаптар осы тұрғыдан өте қауіпті.