Untitled Document

Сұхбат... Аударма оқудың зияны (1)

Құран кәрімді түсіну – Аллаһтың сөзінен Оның не айтпақшыболғанын түсіну деген сөз. Қазіргі таңдағы аударма дегеніміз – аудармашының аяти каримадан өз түсінгенін білдіруі деген сөз. Яғни аударма оқығанымызда біз Аллаһу та'аланың не айтпақшы болғанын түсінген болмаймыз, керісінше сол аударманы жазған адамның жеке пікірлерін жұқтырған боламыз. Құран кәрімнің аудармасын жазған адам қате жазған болса, жазған адам да, оқып мұны қабыл еткен адам да күпірге түседі (иманын жоғалтады). Құран кәрімді қате түсіну немесе күмән келтіру иманнан айырады. Мәктубати Раббани кітабындағы хадис шәрифте: «Құранды өз көзқарасы бойынша тәпсірлеген адам кәпір болады» делінген. (Дәйләми)

Міне осы себептен хазреті Әбу Бәкір Сыддық, пайғамбарлардан кейін адамдардың ең үстем болуына қарамастан, «Құран кәрімді өз көзқарасым бойынша тәпсірлесем, мені қай жер көтереді, маған қай аспан көлеңке береді?» деген. (Ширъа)

Мұхаммед Хадими хазреттері былай деді: «Құран кәрімге өз көзқарасымен берілген мағына дұрыс болып шықса да, дұрыс жолмен шығарылмағандықтан қате болады. Ал шығарылған мағына қате болса, ол адам кәпір болады.» (Бәриқа)

Құран Кәрімнің мағынасын тек Мұхаммед (алейһиссалам) ғана түсінген және оны хадистерімен түсіндірген. Құран Кәрімге толық және анық тәпсір жасаған адам – Мұхаммед алейһиссалам. Дұрыс тәпсір кітабы - оның хадис шәрифтері, ал оны ең жақсы түсінген адамдар – сахабалар болды.