Untitled Document

Тарих... Викингтер және Ислам

Швеция Уппсала университетінен археолог Анника Ларсон Викингтердің қайық пішініндегі мазарларында киімдердің бетіндегі жібек және күміс жіптермен «Аллаһ» және «Әли» деген жазулардың өрнектелгенін анықтады. Бұл жаңалықтың Исламның Скандинавиядағы әсері жөнінде жаңа сұрақтарға жол ашқандығын мәлімдеген Ларсон бұл киімдердің жаназаға арналған ерекше киім үлгісі деп пайымдалып жүз жылдап қоймаларда сақталғанын айтты. ІХ және Х ғасырларға тән мазарларда табылған жаназа киімдерін зерттеу жұмыстары Викингтер мен Ислам әлемі арасында байланыс болғандығына жол сілтеуде. 1,5 см-лік өрнектерге бастапқыда ешқандай мағына бере алмағандығын айтқан Ларсон: «Әуелде бұл өрнектердің нендей мағынаға келетінін түсіне алмаған болатынмын. Кейіннен осыған ұқсас өрнектерді Испандық және Фас маталарынан көргендігім есіме түсті. Сол кезде менің Викингтік өрнектерге емес, ескі арапша жазу өрнектеріне қарап тұрғанымды аңғардым. Көп қайталанған сөздер бар еді. Ол өрнектердің бірі Исламның төртінші халифасы Әли екендігін Ирандық әріптесімнен білдім. Екінші өрнектің нені білдіретінін анықтау біраз қиындау болды. Өрнектегі әріптерді үлкейткен кезімізде бірден Аллаһ сөзінің пайда болғанын көрдім» деді. Ларсон жүз киімнің кем дегенде онында осындай өрнектердің анықтағанын мәлімдеді. Анника Ларсон өлімнен кейін жаннатта мәңгі өмір сүру сенімі себепті Викингтердің Ислам дінінен әсерленгендігін алға тартуға болатындығын айтты.