Жалғасы... Жауапкершіліктің маңызы (2)
Мәселен, келісім-шартқа қол қою үшін сату бөлімінің менеджері кездесуге бара жатыр дерлік. Жолда кептеліске тап болып, кездесу кейінге шегерілді. Әрине, бұл жағдайда кездесу өтпегені үшін кептелісті кінәлайды. Сараптап көрейікші: адамдар өзіне тәуелді болмайтын жағдайларға кінә артады. Яғни кейінге қалдырылған кездесу үшін жауапкершілікті өзінен алып тастап, жағдайларға сілтейді. Ал егер ол кептелістін болуы мүмкін екенін ойласа, ертерек жолға шығар еді. Міне осындай қызметкерлер «жауапкершілігі жоқ» деген сипатқа ие болады. Жауапкершілігі жоқ адамдар, осы қылығымен басқаларға жеке басының дамуында жоғары сатыларға көтерілуіне мүмкіндік береді. Яғни олардан кері қалады. Орыстың атақты инженер-конструкторы, практикалық космонавтиканың негізін қалаушы С.П. Королёв былай деген екен: «Істегісі келетін адам — мүмкіндік, ал істегісі келмейтін — сылтау іздейді». Жағымсыз жағдайларды сылтау етіп арызданатын адамдар жиі кездеседі, сол мәселелерді шешетін шынайы нұсқаларды ұсынғанда, нұсқаларды жарамсыз ететін сылтау ойлап табады. Қысқаша айтқанда ештеңесін құрбан етпей мақсаттарына қол жеткізгісі келеді. Ал ол мүмкін емес. Кез-келген мақсатқа қол жеткізу үшін, белгілі бір көлемде құрбандыққа баруың керек. (Жалғасы ертең...)
Зеректік жұмбағы...
Арық
Арықтың ең терең жері белге дейін келетін. Ал аяқ тобыққа дейін балшыққа бататын. Қатты жауын жауған соң су деңгейі көтереліп, әлгі ең терең жердің суы мойынға дейін келетін болды. Бірақ аяқтар балшыққа батпайтын болды. Аяқтар неліктен балшыққа батпай қалды? (Жауабы ертең...)