Untitled Document

Сұхбат... Дінімізде тәжірибенің маңызы

Аллаһу та'аланың адамдарға берген ниғметтерінің, ихсандарының ең үлкені – пайғамбарлар жіберуі. Пайғамбарлар жіберу арқылы разы болған және разы болмаған нәрселерін адамзатқа білдірген. Пайғамбарлар жаратылыстану ғылымдарын үйретпеді. «Бұларды ақылдарыңмен зерттеңдер, табыңдар, пайдалы істерде қолданыңдар» деді. Өздері де өз замандарында белгілі болған ғылыми құралдарды жасады және қолданды. Сахабалар пайғамбарымыздан (алейһиссалам):

- Йеменге барғандарымыз сол жақта құрма ағаштарын басқаша тәсілмен егетінін және көп өнім алатынын көрдік. Біз Мәдинадағы ағаштарымызды ата-бабамыздан көргеніміздей егейік пе, әлде Йеменде көргеніміздей егіп, жақсырақ, молырақ өнім алайық па?- деп сұрайды. Расулуллаһ алейһиссалам оларға: «Біраз күтіңдер! Жәбрейіл алейһиссалам келгенде одан сұрап, сосын, сендерге айтамын. Немесе біраз ойланайын. Аллаһу та'ала көңіліме дұрысын аян береді. Мен сендерге соны айтамын», – деп айтуы мүмкін еді. Бірақ олай айтпады. Керісінше:

- Тәжірибе етіп көріңдер! Ағаштардың жартысын ата-бабаларыңның тәсілімен, қалған жартысын Йеменде үйренген тәсілдеріңмен егіңдер! Қайсы жақсырақ құрма берсе, бәрін сол тәсілмен егесіңдер! – деді.

Яғни тәжірибені, ғылымның негізі болған тәжірибеге жүгінуді әмір етті. Өзі періштеден үйреніп немесе мүбәрәк жүрегіне әрине аян болатын еді. Бірақ әлемнің барлық жағында қияметке дейін келетін мұсылмандардың тәжірибеге, ғылымға жүгінуі керектігіне белгі берді.