Untitled Document

Сұхбат... Күнәдан аулақ болу үшін

Адам күнә істейтін кезінде Аллаһу та'аланың оны үнемі көріп тұрғанын және қасында амалдарын жазып тұратын періштелердің де бар екенін ойлауы керек! Аллаһу та'ала тек істелгендерді ғана емес, істелмекші болғандарды да, адамдардың не ойлағанын да біледі. Екі аяти кариманың мағынасы: «Аллаһ олардың жүректерінде жасырғандарын да, ашық көрсеткендерін де біледі.» (Нәмл 74)

«Аллаһу та'ала іштеріңде не бар болса, бәрін біледі.» (Әли Имран 154)

Хадис шәрифте былай делінген:

«Адам екі салих көршісінен қалай ұялса, күндіз-түні онымен бірге болған екі періштеден де солай ұялуы керек!» (Бәйһақи)

Дұрыс оқылған намаздың барлық жамандықтан қорғайтыны Құран кәрімде жазылған. Сондықтан ең әуелі намазды дұрыс оқуға тырысу керек. Намаздың парыз, уәжіп, сүннет және мүстаһабтарына мән беріп, мәкрухтардан сақтану керек. Осылай намаз оқитын адам харамға тіпті қолын да соза алмайды.

Аллаһу та'аланы зікір ету керек, яғни еске алу, ойлау қажет. Мысалы, Лә илаһа иллаллаһ деп айтқан жөн. Аллаһты ойламастан ғапіл болып өмір сүрген адамға шайтан тиісе береді. Бір аяти кариманың мағынасы мынадай:

«Рахман болған Аллаһты зікір етуден ғапіл болған кісіге қасынан айрылмайтын бір шайтанды бәле қыламыз.» (Зухруф 36)

Шайтан адамды азғырып, күнә істеуге итермелегенде дереу Аллаһты зікір ету керек, яғни калима-и тәухидті оқып, «Әстағфируллаһ» деп, «Лә хаула уәлә қууата илла биллаһ» дұғасын оқып, Аллаһты еске алу қажет. Бір хадис шәрифтің мағынасы мынадай: «Шайтан Аллаһ зікір етілген кезде қашады, зікір етілмесе, уәсуәса беруді жалғастырады.» (Әбу Я'ла)

Әрдайым Аллаһу та'аланы зікір етсе, шайтан тиісе алмайды. Шайтанның зиянынан және уәсуәсасынан құтылған болады.