Untitled Document

Сұхбат... Мұсылман таза болуы тиіс

Мұсылман таза болуы тиіс! Исламда таза болудың маңызы өте үлкен. Тазалық – иманнан. Сахабалардан кейін келген және табиин деп аталған Мұсылмандардың кейбіреулері Сахабаларға “Аллаһу та’ала Құран кәрімде сіздерді қатты жақсы көретінін білдіріп мақтаған. Мұның себебі неде?” деп сұрағанда олар “Біз тазалыққа қатты мән беретін едік” деп жауап берген екен.

    Мұсылмандар мешіттерге, үйлерге аяқкиімімен кірмейді. Жерге төселген төсеніштер (кілемдер) шаңсыз, таза болады. Әрбір Мұсылманның үйінде монша болады. Денелері, киімдері, ішкиімдері, тағамдары таза болады. Таза болғандықтан микроп және ауру да жоламайды. Аллаһу та’ала Құран кәрімнің көп жерлерінде “Таза болғандарды жақсы көремін” деп бұйырады.

    Жұма намазы үшін ғұсыл дәретін алу, жақсы иістер себу, жаңа, таза киімдерін кию, шаш, тырнағын алу сүннет.

    Хадис шәрифтерде былай делінеді:

  • Мұсылмандық тазалық діні. Таза болуға тырысыңдар! Жаннатқа тек таза болғандар кіреді.
  • Мұсылман кір болмайды.
  • (Тазаланатын нәрселеріңді) жақсылап жуыңдар, тазалаңдар! Өйткені тазалық иманға, иман да Жаннатқа жетелейді.
  • Намаздың кілті тазалықта.
  • Дін – тазалық негізіне тұрғызылған ғимарат.
  • Ауыздарыңды тазалаңдар, өйткені ауыздарың Құранның жолы.
  • Тамақтан бұрын және кейін қол жуу байлыққа жол ашады және кедейлікті кетіреді.
  • Тырнақтарыңды алып көміңдер! Ауыздарыңдағы ас қалдықтарын тазалаңдар және мисуак қолданыңдар! Иісті ауызбен тістерің сарғайған күйде алдыма келмеңдер!