Денсаулық... Жаяу жүру
3-4 қазан жыл сайын дүние жүзілік жаяу жүру күні ретінде аталып өтеді. Мамандар күніне кем дегенде 30 мин жаяу жүрудің пайдасын былайша тізбектейді:
- Рухани сергектік береді. Мезгіл өзгерістерінде әсіресе күз айларында депрессияға бейімділік байқалады. Ал жаяу жүру шоколадтан да көп бақыт гормонының түзілуін қамтамасыз етеді. Оның үстіне калориясыз түрде.
- Ми жақсы жұмыс істейді. Миға қатысты зерттеулер қозғалыстағы адамның миы отырып жұмыс істейтін адамға қарағанда жылдам ойланатыны және жаңа пікірлер қалыптастыра алатындығы анықталған.
- Арықтауға көмектеседі. Үйден жұмысқа, жұмыстан үйге кем дегенде 30 мин жаяу жүретін болсаңыз, майдың еруіне 2 пайызға ықпал еткен боласыз.
- Сондай-ақ зерттеулер асықпай, баяу жүруге қарағанда бір қалыпты жылдам темпті жүрудің пайдасы көбірек екендігін көрсеткен.
- Созылмалы аурулардан қорғанасыз. Жаяу жүру қан қысымын 11 балға азайтады және сал ауруына шалдығу қауіпін 20-30 пайызға азайтады. Аптада 5 күн 30 минут жаяу жүру арқылы жүрек ауру қауіпін 30 пайызға азайта аласыз.
- Жүйелі түрде жаяу жүру варикоз ауруы қауіпін азайтады. Қан айналымын ретке келтіреді.
- Жаяу жүру салмақ тастатып буындарға түсетін жүкті азайту мен қатар оттегінің буындарға жақсы тарауын қамтамасыз етеді.
- Өзіңізге уақыт бөле алмай жүрген болсаңыз жаяу жүріңіз. Адам көбінесе жүрген кезде жеке қалады және ойланады. Тұрмыс-тіршілігіңізді талдау, келеңсіздіктерге шешім іздеу, көпшіліктен жырақ шығып ішкі сезімдерді тыңдау үшін жаяу жүруді байқап көріңіз.