Сұхбат... Қарғыс (бетдұға) айтпау керек
Ухуд соғысында пайғамбарымыздың алейһиссалам мүбәрәк жүзі жараланып, тісі сынғанда сахабалар қатты ренжіп:
- Дұға етіңіз, Аллаһу та’ала жазаларын берсін! – дегенде пайғамбарымыз алейһиссалам:
- «Мен адамдарға лағынет айту үшін келгенім жоқ, қайырлы дұға ету үшін, барлық махлұқтарға рахымдылық үшін жіберілдім»,- деді. Сосын былай деп дұға етті:
- «Йа, Раббым! Бұлар білмегендіктен, надандықпен осылай істеді, бұларды Өзің тура жолға түсіре гөр!»
Ешкімге бетдұға етпеу, қарғамау керек. Адам тіпті өзін де, отбасын да, бала-шағасын да қармағауы керек. Егер дұғалардың қабыл болатын уақытқа сай келіп қарғысы қабыл болса, одан кейін өкінгеннен пайда жоқ. Хадис шәрифтерде былай делінген:
«Өздеріңді, бала-шағаларыңды қарғамаңдар. Аллаһу та’аланың тағдырына разы болыңдар. Ниғметтерінің артуы үшін дұға етіңдер!»
«Әке-шешенің баласына жасаған, зұлымдыққа ұшыраған адамның залымға жасаған қарғысы қайтарылмайды (қабыл болады).»
Хадис шәрифте: «Әкенің баласына жасаған дұғасы – пайғамбардың үмбетіне жасаған дұғасындай» делінген. Яғни әкенің баласына жасаған дұғасы пайғамбардың үмбетіне жасаған дұғасындай қабыл болады. Сол секілді ана да баласына игі дұға етуі керек. Пайғамбарымыз былай деген:
- Ананың дұғасы тез қабыл болады.
- Йа, Расулаллаһ, неліктен тез қабыл болады?- деп сұралғанда:
- Өйткені ана әкеден де мейірімді. Мейірімді адамның дұғасы кері қайтарылмайды,- деген.
Хазреті Абдуллаһ бин Мүбәрәкке бір адам келіп баласынан шағымданады. Сонда Абдуллаһ бин Мүбәрәк:
- Балаңды қарғадың ба? - дегенде әлгі адам:
- Йә,- дейді. Сонда оған былай деп жауап береді:
- Оны сен бұзған екенсің. Мұндай жағымсыз қылыққа өзің түсірген екенсің!