Сұхбат ... Кедейлік және еңбек ету
Ризықты беретін Аллаһу та’ала. Жұмыс істеу ризықты көбейтпейді. Жұмыс істеу арқылы ризықтың себебіне жүгінген боламыз. Бұл сүннет. Хазреті Лұқман: «Еңбек етіп табысқа жет! Еңбек етпей мұқтаж болған адамның діні де ақылы да нұқсан!» деген. Ризық үшін алаңдамау керек! Құран кәрімде «Әрбір жандының рызқы Аллаһқа тиісті» делінген. Хадис шарифтерде:
Ризық үшін қайғырма, тағдырыңда болған ризық сені табады. (Исфахани)
Еңбек етіп күн көру әрбір мұсылманға парыз. (Табарани)
Еңбек етпей өзін садақа сұрайтындай дәрежеге түсірген кісі 70 нәрсеге мұқтаж болады. (Тирмизи)
Өмірім ұзақ болсын, ризығым мол болсын деген адам туыстарын зиярат етсін, оларға қамқор болсын! (И. Ахмед)
Таңертеңгілік ұйқы ризыққа кедергі болады. (Байхаки)
Қажеттілігін (жоқшылығын) халыққа ашқан, мұқтаждықтан құтыла алмайды. Аллаһтан сұраған мұқтаждықтан құтылады. (Хаким)
Үйге кірерде “Ықылас” сүресін оқыған адам кедейлік көрмейді. (Қуртуби)
Әр түні “Уақиға” cүресін оқыған адам кедейлік көрмейді. [Асакир]
Ризыққа қауышқан кісі көп шүкір етсін! Ризығы азайған да көп истиғфар етсін! (Хатиб)
Бала-шағасын бағуда қиыншылық шегіп жүрген бір адамға Пайғамбарымыз: “Неге истиғфар айтпайсың? Мен күніне 100 рет истиғфар айтамын” деп бұйырған.
Хасан Басри хазреттеріне бірнеше адам жұт, жоқшылық және бала болмауын шағымданып келген еді. Бәріне истиғфар айтуларын бұйырды. Себебін сұрағанда мына аят кәриманы оқыды: «Көктен мол жауын жаудыруы үшін, сендерге мал-мүлкпен бала-шаға беруі үшін, сендерге бау-бақша, өзендер беруі үшін, өте кешірімді болған Раббыңызға истиғфар айтыңдар” (Нух 10-12)
(Истиғфар: Әстағфируллаһ деу, Аллаһу та’аладан кемшіліктері мен күнәларының кешірілуін тілеу деген сөз.)