Untitled Document

Денсаулық... Әр оқушының ас мәзірінде болуы тиіс азық-түліктер (1)

Балық: Балық құрамында омега-3 майлы қышқылдар бар, олар болмаса мидың сұр заты да, жалпы жүйке жүйесі де толыққанды жұмыс жасай алмайды. Сонымен қатар, балық мидың жақсы жұмыс істеуіне оңтайлы әсер беретін  йод пен фосфорға бай.

Ет: Еттің құрамында ақуыз мөлшері өте көп. Сондай-ақ аминқышқылдар, темір, фосфор және басқа да элементтер, В тобындағы дәрумендер бар. Мұның бәрі жүйке жүйесінің тұрақтылығына, қан түзілім үрдісіне және де мидың жетілуінде аса қажет.

Жұмыртқа: Жұмыртқа - ақуыздың тағы бір маңызды қайнар көзі. Ол дәруменге, минералдарға бай табиғи антиоксидант. Жұмыртқа құрамындағы холин адамның зейін қою қасиетін күшейтуіне ықпал жасайды және ой белсенділігіне оңтайлы әсер етеді.

Су: Сусыздану мен судың жетіспеушілігі ой белсенділігіне кері әсер береді. Балалар мен жасөспірімдердің тәуліктік суды қабылдаумөлшері 1-1,5 литр. Газды сусындар, шай және кофе су санатына жатпайтынын естен шығармаған жөн.

Қызыл бұрыш: Британ ғалымдарының мәлімдеуінше қызыл бұрыш мектеп жасындағы балаға ең жақсы азықтың бірі болып саналады. Әрине жас дарынға күнделікті ащы бұрышты жеу міндет емес, бірақ арасында рационға қосып тұрған абзал. Қызыл бұрышты кей тамақтарға дәмдеуіш ретінде қосып тұруға болады. Мұндай ащы бұрыш жүйке жасушаларының жақсы жұмыс істеуіне оңтайлы әсер ететін  С дәруменіне бай.

Картоп: Картоп ой белсенділігін жақсы деңгейде ұстап тұруға жарамды крахмалға бай. Бұдан басқа, оның құрамында көп мөлшерде минералды заттар мен ағзаның жұмыс істеуіне қажетті аминқышқылдар бар. (Жалғасы ертең...)