Untitled Document

Денсаулық... Күніне бір алма

АҚШ-тың Айова университетінен Др. Брайн Адамстың жетекшілігімен жасалған зерттеу нәтижесінде, алма қабығындағы урсолик қышқылының, майларды еріту және бұлшық еттерді нығайту ерекшелігінің арықтауға көмекші болатындығы анықталды.

Тышқандарға жасалған тәжірибелерде алманың, бұлшық етті 15% арттыратыны және  денедегі майлардың жартысынан көбін азайтқандығы анықталды. Урсолик  қышқылдың тышқандарда бұлшық ет тығыздығын арттырғанымен, жалпы дене салмағын арттырмағандығы да анықталды. Осы себепті алма арықтау үшін жақсы жеміс болмақ.  

Алманың пайдалары осымен бітпейді әрине. Жүйелі түрде алма жеу, қан шекерін, холестеринді және зиянды май қышқылдарының деңгейін азайтады. Др. Адамс алманың әсіресе уақыт өте келе бұлшық еттері азайған қарттар үшін пайдалы екенін, яғни атрофия деп аталатын бұл аурудың «ауру кезде немесе кәрілікте» қатты әсер ететінін және оның емі жоқ екенін атап өтті. Атрофия ауруына кедергі бола алатын элементтердің, әсіресе алманың қабығында мол болатындығы мәлімденді.

Құрамында 85% су, 12% шекер, органикалық қышқылдар, фосфор, танин және А, В 1, В 2, С, Е, РР витаминдері бар бұл керемет жеміс құрамындағы органикалық қышқылдар көмегімен ми, бауыр, асқазанға оңтайлы әсер етеді. Ми функцияларын белсендендіреді. Ағзаның зат алмасуын жақсартады, ас қорыту жүйесін реттейді, иммунитеті күшейтеді және стрестен пайда болған зарарларға қарсы күшті қорғаныс көзі бола алады.