Жалғасы... Ықыласпен айтылған истиғфар (3)
- Не бермеді дейсіз? Жұмыс, бала-шаға, амандық, халал азық тілеген барлық дұғам қабыл болды. Бірақ... Бірақ, бір ғана дұғам қабыл болмады. Соған таңданып жүрмін.
- Қандай дұға еді ол?
- Ахмед бин Ханбәл хазреттерінің мүбәрәк жүзін көріп, сұхбатын, насихатын тыңдасам, дұғасын, батасын алсам деп армандап, дұға етуші едім.
Имам Ахмед хазреттері таңданыстан не айтарын білмей сәл кідіріп, кейін:
- Өзің жан-дүниең бай адам екенсің балам, сүйінші болсын саған,- дейді.
- Дұғам қабыл болмады дегеніме сіздің сүйінші болсын дегеніңізді түсіне алмадым.
- Аллаһу та’ала дұғаңды қабыл еткені соншалық мені саған жіберіпті, мен Ахмед бин Ханбәлмін,-дейді. Мұны естіген наубайшы орнынан атып тұрып, Имамның қолдарына жабыса кетеді. Көздеріне жас толған наубайшының қуанышында шек жоқ еді...
Бұдан кейін наубайшы алдына келген кеткеннің бәріне: Дертің бар ма? Шын көңілмен истиғфар ет те дұға ет! Қарызың бар ма? Шын көңілмен истиғфар ет және дұға ет! Балалы бола алмай жүрсің бе? Ықыласпен истиғфар ет және дұға ет! деп айтатын болды. Қиыншылықтардың дауасы ықыласпен жасалатын истиғфар мен дұғалар екенін естен шығармағайсыздар!..
(Истиғфар: Әстағфируллаһ деу, Аллаһу та’аладан кешірім тілеу, Аллаһу та’аладан кемшіліктері мен күнәларының кешірілуін тілеу, тәубе ету деген сөз.
Тәубе ету: Жасалған күнәға өкіну, қайта істемеуге шешім қабылдау, Аллаһу та’аладан қорқу деген сөз)